Майский ауылдық округінің тарихи анықтамасы

Майский ауылдық округінің тарихи анықтамасы

Қазақ КСР Ауыл шаруашылық халық комиссариатының 1945 жылғы 11 наурыздағы коллегия қаулысымен, сонан соң мал шаруашылығы мен астықты совхоздары Наркоматы бойынша бұйрығымен 1945 жылғы 4 қыркүйекте «Тарановский» құс совхозы құрылған. Бұл біздің Республикамызда құс еті мен жұмыртқаны өндіруге бағытталған бірінші совхоз болды. Оның директоры С.С.Ликермахер болып тағайындалған. 
Жаңа құрылған құс совхозына жеті мың гектар жер аймақтары белгіленіп, құс базаларын салу үшін капитал салымдары бөлінген, 340 тауық, 18 күрке тауық, біренеше жүз үйрек әкелінген. 1946 жылғы мамырдың басында Халық депутаттар ауыл кеңесінің Таран атқару комитетінің шешімі бойынша совхоз «Майский» атына ие болды, барлық қожалығын 900 құс, 368 ірі мал басы, бір птичник, мал ауласы мен бірнеше ауыл шаруашылық машиналары құрады. 1963 жылы совхозды коммунист, тамаша ұйымдастырушы мен тәрбиеші Ли Ен Беем басқарды. Осы кезден қожалығымызда қайта құрылыс басталды: өндірістік базалар қайта салынған, тұрғын қоры құрылып, ұлғайды, тұрмыстық қызмет көрсету саласы бекітіліп жатты. 560 оқушы орнына типтік орта мектебі, Мәдениет Сарайы, балабақшалар, аурухана, дүкендер салынып, жаңа құс базалар мен ескі базалардың қайта құрылуы басталды. Сол кезде ескірген, қарапайым жабдықтары алынған. Ескінің орнына торда құс ұстау нысандары, жемді конвейермен беру, жұмыртқаны жинау, автосуарулар жүйесі енгізіле бастады. 
Ет пен жұмыртқа өндірудегі жоғары көрсеткіштер үшін КСРО Жоғары Кеңесінің Президиум Жарлығымен 1965 жылы совхоз директоры Ли Ен Бем Ленин орденімен, 1970 жылы КСРО Министрлер Кеңесі, ВЦСПС, ВЛКСМ КО, СОКП ОК ауыспалы қызыл Ту мен мерейтойлы белгімен, ал 1971 жылы Ленин Орденімен екінші рет марапатталып, Қазақстан зоотехнигі еңбек сіңірген атағына, 1973 жылы Социалистік еңбегінің Батыры атағына, КСРО 50 жылдығына қарсы естелік белгісіне ие болды.
Бүгінгі күні ауылдық округі аумағында 2165 адам тұрады, ауданның құрамына екі ауыл кіреді, Майское ауылы - 733 аула және Приреченское ауылы - 47 аула, жұмыс істейді: сумен жабдықтау, газ құбыры, кәріз  бар.

Округ аумағында ішінара өндірісті қайта жандандырған  «Север Птица»АҚ, «Элит Пласт Строй» ЖШС, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 68, бұлар  шағын көтерме сауда, нан және кондитерлік өнімдерді пісіру, ет өңдеу, тасымалдау, көлік құралдарын жөндеу, сүт сатып алу, ет сатып алу, құс, жылқы, ірі қара және ұсақ малды өсіру, киім мен аяқ киім жөндеумен айналысатын жеке кәсіпкерлер.

Округте мәдени-әлеуметтік нысандардың ішінде орта мектеп, балабақша, медициналық  амбулатория , кітапхана, спорт залы, спорт залы, шаңғы базасы, стадион, пошта бөлімі бар. Бүгінгі таңда  округ  тұрғындары сапалы сандық телефон байланысы және Интернетпен толық қамтамасыз етілген.   2019 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін Майский ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы -Сергей Викторович Ендоренко .      

Майский ауылдық округінің тарихи анықтамасы
Дата публикации
08 июня 2021