"Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы  № 263 маслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы" аудандық мәслихат шешімнің жобасы

ШЕШІМНІҢ ЖОБАСЫ

«Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы  № 263 маслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Бейімбет Майлин ауданының мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы»  2015 жылғы                  20 наурыздағы  № 263  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5510 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірде «Маяк» газетінде жарияланған,) маслихаттың шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген, тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:

2 тармағының 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

7) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;

11-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: 

«11. Тұрғын үй көмегінің мөлшері кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мұлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, нормалар шегінде  коммуналдық көрсетілетін қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.»

13-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«13. Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн отбасының (азаматтың) шығыстар үлесi жиынтық табыстың бес пайызы мөлшерiнде белгiленедi».

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы                                                                                      А.Т.Ә.

"Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы  № 263 маслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы" аудандық мәслихат шешімнің жобасы
Дата публикации
31 мая 2021