«Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2021 жылдың 1 тоқсанына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жұмыс:
«Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ басшысының 2021 жылдың 1 тоқсанына жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі аудан әкімдігінің сайтында және мерзімді баспасөз басылымында "Ἀiet shamshyragy" газетінде жарияланды.
Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері (саны, жалпы сипаттағы мәселелер):
2021 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік мекемеге жеке тұлғалардан 8 өтініш түсті, оның ішінде 6 – на түсініктеме берілді, 2-қанағаттандырылды. Есепті кезеңнің соңында қалдық жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету:
2021 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік мекеме «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» бойынша 4 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарт және регламент талаптарына сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша азаматтардан шағымдар түскен жоқ.
«Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ басшысының 2017 жылғы 9 қазандағы № 3 бұйрығымен мемлекеттік мекеменің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты әзірленді және бекітілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі бекітілген, ол ауылдық округ әкімінің аппаратында мемлекеттік және орыс тілдерінде сенім телефонының нөмірлері көрсетілген стендте орналасқан.
Мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтауды бақылау журналы басталды және азаматтар үшін қолжетімді жерде ілінді. Жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын, ескертулері мен шағымдарын жинауға арналған жәшік орнатылған. Мемлекеттік қызметшілердің кірістері туралы декларациялар уақытылы және дұрыс ұсынылады.
Ауылдық округ аппаратының қызметкерлері мемлекеттік тәртіпті, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын, қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтайды. Мемлекеттік қызметшілердің қызметі Қазақстан Республикасының негізгі заңдарын басшылыққа ала отырып, өз құзыретіне сәйкес жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіптің жай-күйіне жүйелі түрде талдау жасалады, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығы түсіндіріледі.
Талдаумен «Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ екендігі анықталды.
Калинин ауылдық округінің әкімі А. Испулова