ШЕШІМНІҢ ЖОБАСЫ
Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2020 жылғы 10 тамыздағы № 403 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Бейімбет Майлин ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
қазақ тілінде 7-тармақтың 8) тармақшасындағы «көрсетіледі» деген сөз алынып тасталсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
7-тармақ мына мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында санаторий-курорттық емделуге ұсынымы бар, мүгедек баланы алып жүретін адамға табыстарын есепке алмай, тұрғаны және тамақтанғаны үшін төлемақыны өтей отырып, нақты шығындары бойынша 25 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде көрсетіледі.».
Лауазымы ТАӘ