2021 жылдың 5 сәуірден бастап 6 мамыр аралығында  «Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша   АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

2021 жылдың 5 сәуірден бастап 6 мамыр аралығында  «Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша  

АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

«Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де Асенкритов ауылдық округінің әкімі М.А. Баяқов, бас маман А.Б. Алтынбаева, жетекші маман А.А. Панакшина құрамындағы жұмыс тобы 2021 жылдың 5 сәуірден бастап 6 мамыр аралығында «Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Асенкритов ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 54 өкімінің негізінде ішкі талдау жүргізілді.

«Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет, Азаматтық кодекстерін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексті, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын», Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және «Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережені басшылыққа алады.

І. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРІНДЕГІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ

  1. «Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-ің құрылымы:

1) Әкім;

2) Бас маман (кадр бөлімі);

3) Бас маман (бухгалтер);

4) Бас маман (заңгер – бос орын);

5) Жетекші маман (ішкі саясат);

6) Жетекші маман (әскери-есепке алу үстел);

7) Жетекші маман (салық - бос орын);

  1. «Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметін талдау барысында нормативтік құқықтық актілерінің және құқықтық актілерінің сәйкессіздігі жоқ.

ІІ. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Талдау жүргізу кезеңінде Асенкритов ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлердің нақты саны 5 адам құрады, 2 бос орын («Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты» ММ-не бос орны бойынша өтінімдер конкурстық негізде беріледі, әңгімелесу өткізіледі).

Талдау жүргізу кезеңі ішінде жұмыстан шығарылған қызметкерлер жоқ.

Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан шығарылған қызметкерлер жоқ.

Ауысуы бөлігінде «командалық орын ауыстырулар» анықталған жоқ.

2021 жылдың 5 сәуірден бастап 6 мамыр аралығында жұмысқа қабылданған қызметкерлер жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысы

«Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау барысында мүдделер қақтығысы жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету

Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша функциялар:

  1. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
  2. Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
    жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
  3. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру.
  4. Азаматтық хал актілері жазбаларын жою.
  5. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық
    хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
  6. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
  7. Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің
    жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
  8. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою.
  9. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну.
  10. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау.
  11. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау.
  12. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
  13. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру.
  14. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.
  15. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату.
  16. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
  17. Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша:
  18. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру.
  19. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.
  20. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату.
  21. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.

Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерді жасау тәуекелі бар, бірақ көрсетілген кезеңі ішінде «Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де қызметті алушыларға қызмет көрсету кезде сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерді анықтау фактілер жоқ.

  1. «Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-не жеке мен заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштері

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 221 Заңына сәйкес, «Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де азаматтардың өтініштері бойынша жұмыс жүргізіледі.

Бөлімдерде осы бағыттар бойынша жұмыстың ахуалына, жеке мен заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы түрде қарауын қамтамасыз етуіне талдау жүргізілді, бақылау күшейту, өтініштерді белгіленген мерзімдерін бұзуымен қарауына жол бермеу жөніндегі шаралар қолданылады. 

2021 жылдың 5 сәуірден бастап 6 мамыр аралығында 2 өтініш қабылданды және қаралды, олардың ішінен жеке тұлғалардан – 2, заңды тұлғалардан 0. 1 өтініш қанағаттандырылды, 2 өтінішке түсінік берілді. Ең көп өтініштер жер мен жер пайдалану мәселелері жөніндегі, және де жұмысқа орналастыру мәселелері жөніндегі өтініштер келіп түсті. Барлық келіп түскен өтініштеріне, олардың мерзімдерін бұзбай жазбаша жауап берілді.

  1. Мемлекеттік сатып алу

Әкім аппаратында өткізілетін мемлекеттік сатып алуға талдау жүргізілді.

Әкім аппараты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен белгіленген тәртібінде және нысанында мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын уақтылы әзірлейді және бекітеді. Ай сайын мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізіледі. Мемлекеттік сатып алу процесі әлеуетті өнім берушілер үшін айқынды және барлық мемлектетік ақпараттық жүйесі арқылы қолжетімді. Мемлекеттік сатып алу электрондық түрде өткізіледі, бұл өнім беруші мен тапсырыс беруші арасындағы үйiрлесуді қысқартады, бюджет қаражатты мақсатсыз пайдалану деңгейін төмендетуге ықпал етеді. 2021 жылдың 5 сәуірден бастап 6 мамыр аралығында 8 шарт жасалды, оның ішінде 1 шарт - бір көзден алу тәсілімен өткізілмеген сатып алу бойынша, 7 шарт бір көзден алу тәсілімен. Мемлекеттік  сатып алу бойынша барлық шарттар зерттеленді. Жасалған шарттарына өнім берушілердің мемлекеттік органның басшысының жақын туыстары, жұбайы немесе жегжаттары болып бөлігінде талдау жүргізілді, ішкі талдау жүргізу нәтижесінде, әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік органның басшысының жақын туыстары, жұбайы немесе жегжаттары өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу фактілер анықталған жоқ. Тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді берушілермен шарттар уақытылы жасалады. Мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында көзделмеген тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.  

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, мемлекеттік сатып алу процесінің жариялы мен айқындығы қағидаттарына негізделеді.

  1. Қорытынды

Талдау жүргізу кезеңі ішінде қызметкерлер лауазымдық, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды жасағаны үшін тәртіптік жазу қолдану фактілер – 1, бірақ осы бұзушылықтың сыбайлас жемқорлық сипаты жоқ.

Жұмыс тобы:

          Асенкритов ауылдық округінің әкімі _____________ Баяқов М.А.

          Бас маман ______________________   Алтынбаева А.Б.

 Жетекші маман________________  Панакшина А.А.

2021 жылдың 5 сәуірден бастап 6 мамыр аралығында  «Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша   АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ
Дата публикации
20 мая 2021