2020 жылдың ішінде «Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ
«Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де Асенкритов ауылдық округінің әкімі М.А. Баяқов, бас маман А.Б. Алтынбаева, жетекші маман А.А. Панакшина құрамындағы жұмыс тобы 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары кезеңі ішінде «Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Асенкритов ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 54 өкімінің негізінде ішкі талдау жүргізілді.
«Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет, Азаматтық кодекстерін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексті, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын», Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және «Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережені басшылыққа алады.
І. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРІНДЕГІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ
1) Әкім;
2) Бас маман (кадр бөлімі);
3) Бас маман (бухгалтер);
4) Бас маман (заңгер – бос орын);
5) Жетекші маман (ішкі саясат);
6) Жетекші маман (әскери-есепке алу үстел);
7) Жетекші маман (салық - бос орын);
ІІ. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ.
Талдау жүргізу кезеңінде Асенкритов ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлердің нақты саны 5 адам құрады, 2 бос орын («Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты» ММ-не бос орны бойынша өтінімдер конкурстық негізде беріледі, әңгімелесу өткізіледі).
Талдау жүргізу кезеңі ішінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 61-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, басқа мемлекеттік лауазымға орналасуына байланысты, 1 қызметкер жұмыстан шығарылды.
Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан шығарылған қызметкерлер жоқ.
Ауысуы бөлігінде «командалық орын ауыстырулар» анықталған жоқ.
2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары ішінде жұмысқа қабылданған қызметкерлер жоқ.
«Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау барысында мүдделер қақтығысы жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша функциялар:
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 221 Заңына сәйкес, «Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де азаматтардың өтініштері бойынша жұмыс жүргізіледі.
Бөлімдерде осы бағыттар бойынша жұмыстың ахуалына, жеке мен заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы түрде қарауын қамтамасыз етуіне талдау жүргізілді, бақылау күшейту, өтініштерді белгіленген мерзімдерін бұзуымен қарауына жол бермеу жөніндегі шаралар қолданылады.
2020 жылдың 12 айы ішінде азаматтардың 6 өтініш қабылданды және қаралды, олардың ішінен жеке тұлғалардан – 5, заңды тұлғалардан 1 өтініш. 2 өтініш қанағаттандырылды, 3 өтінішке түсінік берілді, 1 өтініш қызмет бабымен жіберілді.
Ең көп өтініштер жер мен жер пайдалану мәселелері жөніндегі өтініштер келіп түсті. Барлық келіп түскен өтініштеріне, олардың мерзімдерін бұзбай жазбаша жауап берілді.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын іске асыру шеңберінде, қызметкерлері үшін дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізіледі, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің қызметтегі мінез-құлқына талаптарын сақтау және мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі комиссиясының 2 отырыс өткізілді.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы нормаларының талаптарына сәйкес, мемлекеттік сатып алуды өткізу жүзеге асырылады. Ай сайын ауылдық округі әкімінің аппараты бойынша бюджет қаражатты жұмсалу мониторинг жүргізіледі, бюджет қаражатты игеруі бақылауда. Барлық есеп аудандық қаржы бөліміне уақтылы беріледі.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңына сәйкес, 2020 жылдың 12 айы ішінде Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты 24694,3 мың теңге жалпы сомасына 107 мемлекеттік сатып алу өткізді:
1) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 109,8 мың теңге сомасына мемлекеттік сатып алу, бұзушылықтарсыз;
2) ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жоқ;
3) шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен 24394,2 мың теңге сомасына мемлекеттік сатып алу, бұзушылықтарсыз;
4) бір көзден алу тәсілімен 190,3 мың теңге сомасына өткізілмеген сатып алу.
Талдау жүргізу кезеңі ішінде қызметкерлер лауазымдық, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды жасағаны үшін тәртіптік жазу қолдану фактілер – 1, бірақ осы бұзушылықтың сыбайлас жемқорлық сипаты жоқ.
Жұмыс тобы:
Асенкритов ауылдық округінің әкімі _____________ Баяқов М.А.
Бас маман ______________________ Алтынбаева А.Б.
Жетекші маман________________ Панакшина А.А.