"Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасы

жоба

Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Аудан әкімдігінің «Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» 2018 жылғы 11 шілдедегі № 204 қаулысының, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7995 болып тіркелген, күші жойылды деп танылсын.
  3. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

"Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасы
Дата публикации
15 апреля 2021