"Қауымдық сервитут белгілеу туралы" Белинский ауылдық округі әкімі шешімнің жобасы

жоба

Қауымдық сервитут

белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69-баптарына, 71-1-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Белинский ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Рио Тинто Эксплорэйшн Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жалпы алаңы 2,8945 гектар, Қайыңдыкөл ауылы, Жамбаскөл ауылы аумағында орналасқан, жалпы алаңы 1151,5195 гектар, Смайловка ауылы, Белинский ауылдық округінің жалпы алаңы 317,6219 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. «Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

          1) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

           2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2.  Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.                                                                              

      Белинский ауылдық

      округінің әкімі                                                                       Н. Кошеров

"Қауымдық сервитут белгілеу туралы" Белинский ауылдық округі әкімі шешімнің жобасы
Дата публикации
06 мая 2021