2020 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ қызметі туралы жыл сайынғы есебі.
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары» ММ, Әйет а., Тәуелсіздік к-сі, 60, тел: 8-714-36-3-64-51.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттеріне сәйкес 2019 жылы бөліммен мемлекеттік қызметтің 10 түрі көрсетілді.
- жер қатынастары саласында 258 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Бөліммен 2020 жылы барлығы 258 қызмет көрсетілді. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі, ақылы қызметтер жоқ.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Ең сұранысқа ие 3 мемлекеттік қызмет:
«Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту»;
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру»;
«Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру».
Қызмет алушылармен жұмыс.
1) Қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру үшін Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсетуді реттейтін нормативтік құқықтық актілер орналастырылған «Мемлекеттік қызметтер» стендісі жабдықталған
Сонымен қатар, қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру мақсатында Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «жер қатынастары» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған өткізілген іс-шаралар: 2020 жылдың тамыз айында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Бейімбет Майлин ауданы Бөлімінің қызметкерлерімен оқыту семинары өткізілді, көрсетілетін қызметті беруші, мемлекеттік қызмет көрсету және көрсетілетін қызметтер бойынша консультациялар алу орны, маманның Т.А.Ә., өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атауы көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметтер тізімі Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында, бөлімнің ақпараттық стендінде орналастырылған.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру 2020 жылы жүргізілді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар жүргізілген жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
2020 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру болған жоқ.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
2020 жылы барлығы 258 қызмет көрсетілді. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі, ақылы қызметтер жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылмаған.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында бөліммен мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Осылайша, 2020 жылы бөлімде мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мәселелері бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді, онда қарастырылды:
- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
- халықты стендтер, БАҚ және ресми интернет-ресурстар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы уақтылы хабардар ету, Мемлекеттік корпорация мамандарымен, ауыл, ауылдық округ және Әйет ауылының әкімдерімен және мамандарымен, мемлекеттік мекемелер басшыларымен семинарлар өткізу;
- «бір терезе» қағидаты бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру (түсіндіру сипатындағы шаралар);
- Мемлекеттік корпорация, «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекетік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы қызметті алушыларға танымал ету және хабардар ету бойынша іс-шараларды өткізу.
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
Бөлім басшысы С. Жакупов