"Қауымдық сервитут белгілеу туралы" туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасы

Жоба

Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69-баптарына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Соколов – Сарыбай тау – кен байыту өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамы пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында Бейімбет Майлин ауданы аумағында орналасқан, жалпы аланы 42819,7 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут осы қаулының қосымшасына сәйкес белгілесін.
  2. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

"Қауымдық сервитут белгілеу туралы" туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасы
Дата публикации
27 апреля 2021