«Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты» ММ бойынша 2020 жылғы АХАЖ бөлімімен мемлекеттік қызметтерді беру туралы ақпарат

«Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты» ММ бойынша 2020 жылғы АХАЖ бөлімімен мемлекеттік қызметтерді беру туралы ақпарат

Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты  АХАЖ жұмыстарын тұтасымен Қазақстан Республикасының заңнамасын қамтамасыз ету және қадағалау бойынша жұмыстарды жүргізеді. АХАЖ негізгі қызметі аудан аумағында азматтық хал актілерін өз уақытында толық және дұрыс тіркеуді қамтамасыз ету болып табылады.

2020 жылғы «Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты» ММ  АХАЖ бөлімінде барлығы -  668 азаматтық  хал актілері тіркелді, оның ішінде- 584 ХҚКО арқылы қабылданды, қайтыс болу жағдайы тіркелді-290, бала туу тіркелді – 249, некелесу тіркелді – 90, некені бұзу – 26, Т.А.Ә. ауыстыру – 13.  

Некені бұзу, әкелікті анықтау, Т.А.Ә. ауыстырғаннан кейін актілік жазбалардың түзету мен толықтыруларына келістіруші өзгерістер өз уақытында енгізілді, азаматтық хал актілері жазбаларының екінші данасына түзету енгізу үшін, ай сайын хабарлама жолданады. Күн сайын тұрақты негізде қабылдау кезінде некелесу-отбасылық заңнаманы түсіндіру бойынша сұхбаттар мен кеңестер жүргізіледі. Өтіп кеткен мерзімде ХҚКО инспекторымен 14 лекция өткізілді. ЗТМО , АОА, АІІБ тығыз байланыста жұмыстар жүргізіледі, ай сайын белгіленген мерзімде қайтыс болғандардың тізімі беріледі.

 

«Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты» ММ бойынша 2020 жылғы АХАЖ бөлімімен мемлекеттік қызметтерді беру туралы ақпарат
Дата публикации
26 апреля 2021