2020 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жұмысы туралы есеп

2020 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жұмысы туралы есеп

1.Жалпы ережесі

1) Қызмет көрсетуші туралы мәлімет: «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Заңды мекен-жайы: 111700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі 87. E-mail: l.malchevskaya@kostanay.gov.kz . Телефоны 8(71436)3-62-95. Бөлім басшысы - Мальчевская Людмила Константиновна.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттар: «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жұмыспен қамту орталығы» КММ ведомстволық бағыныстағы ұйыммен бірлесіп 17 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша бөліммен барлығы 1389 қызмет көрсетілді. 2020 жылдың 12 айында Қостанай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалының Бейімбет Майлин аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі арқылы барлығы 406 қызмет көрсетілді. «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 465. Sms арқылы қызметтер саны -5 қызмет. Тегін негізде 17 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Барлық 17 мемлекеттік қызмет электрондық және қағаз түрінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бекітілген стандарттары мен қағидалары 17.

3) Көп сұранысқа ие көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат. Көрсетілген қызметтердің ең көп санын «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-ге тиесілі. Халықты әлеуметтік қорғау саласында негізінен мынадай қызмет түрлерін алуға жүгінеді:

- тұрғын үй көмегін тағайындау;

- жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;

- Мүгедектерді және мүгедек балаларды санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;

- жұмыспен қамтуды қолдауға тиімді іс-шараларға қатысуға тұлғаларға жолдама беру;

- жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу.

2.Қызмет алушылармен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:

Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында https://www.gov.kz/ «мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты деректерді өзектендіру жүргізіледі, мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары мен қағидалары, Байланыс ақпараты, сондай-ақ электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдаланушыларға арналған нұсқаулық орналастырылады. Мемлекеттік мекемелерде нормативтік – құқықтық актілермен, мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ақпараттық – анықтамалық материалдармен стендтер ресімделді, басшының бұйрығымен мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге жауапты лауазымды тұлғалар айқындалды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты ақпарат жарияланады: аудандық «Маяк» газетінде 17.09.2020 ж. №37 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік стандарт деген не және оны кім пайдалана алады?, 19.03.2020. №11 «АӘК алатын отбасыларға азық-түлік пакеті берілді»

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар). Құқықтық жалпыға міндетті білім беру мектебінде проблемалық мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар және дөңгелек үстелдер тұрақты негізде өткізіледі.

3.Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет. Бөлімде электрондық мемлекеттік қызметтердің «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» бар. Қазақстан Республикасының «e–gov» электрондық үкімет порталы арқылы азамат ХҚКО-ға жүгінбей, мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндігіне ие болады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін автоматтандыру оларды көрсету сапасына оң әсерін тигізеді. Процестерді автоматтандырумен мемлекеттік қызметтер көрсету оңайлатылады, құжаттарды қабылдау мерзімдері қысқартылады.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар. Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік корпорациямен тығыз байланыста. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырудың жоспар-кестесі негізінде жүзеге асырылады.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету осы процесті регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер негізінде жүргізіледі:

- 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі;

- Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2020 жылдың басынан бері шағымдар түскен жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі функциясын күшейту міндеті қойылды. Проблемалық мәселелер және бұзушылықтарға жол бермеу бойынша кеңестер мен семинарлар өткізу, мүдделі бөлімдердің Қостанай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалының Бейімбет Майлин аудандық бөлімімен «Халыққа қызмет көрсету» бойынша өзара іс-қимылы.

«Электрондық үкімет порталы» арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру. «Электрондық үкімет» порталының мүмкіндіктері мен ЭЦҚ артықшылықтары туралы кеңінен түсіндіру жұмыстарын жалғастыру.

2020 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жұмысы туралы есеп
Дата публикации
19 апреля 2021