Бейімбет Майлин ауданы «Тобыл кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы 2020 жылға есебі

Бейімбет Майлин ауданы «Тобыл кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы 2020 жылға есебі

  1. Жалпы ережелер

Мемлекеттік қызметтер Тобыл кенті, Жеңіс көшесі, 5 мекен-жайы бойынша орналасқан «Тобыл кенті әкімінің аппараты» ММ-нде көрсетіледі. Телефон (факс): 8(71436) 2-13-60

«Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі болып табылады.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің жіктелген тізбесі қызметтердің бірыңғай тізілімін құрайды.

2021 жылғы жағдай бойынша тізілімде ауылдық округ әкімі аппараттарымен көрсетілетін 20 қызмет бар:

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу)»;        

Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»;                           

«Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау»;                         

«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»;         

«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»;               

«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»;

«Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату»;

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»;

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»;

«Баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

«Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

«Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

«Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

«Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»;

«Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру»;

«Азаматтық хал актілері жазбаларының күшін жою».

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

Тобыл кенті әкімі аппаратының ғимаратында азаматтар үшін қолжетімді жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат орналастырылған. Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі бар, онда қызмет алушылар үшін барлық қажетті ақпарат орналастырылған: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі, стандарттар, регламенттер, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің паспорттары.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізіліміне сәйкес, Тобыл кенті әкімінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 88 өкімімен Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауаптылар тағайындалды:

Тобыл кенті әкімі аппаратының бас маманы Ерлан Кенжетайұлы Назарбаев мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жауапты болып тағайындалсын:

1) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;

2) «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу)»;

3) «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»;

4) «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»;

5) «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату»;           

6) «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»;        

7) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»;

8) «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау»; 

9) «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»;                          

10) «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»;

11) «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»;

Тобыл кенті әкімі аппаратының бас маманы Яковщенко Галина Семеновна мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жауапты болып тағайындалсын:

1) «Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

2) «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

3) «Азаматтық хал актілері жазбаларының күшін жою»;

4) «Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

5) «Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

6) «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру»;

7) «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

8) «Баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

9) «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

2020 жылы 45 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу)» - 38 қызмет, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 6 қызмет,Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» 1 қызмет

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алуға жалпы қолжетімділігі болып табылатынын атап өту қажет.            

2) Әкім аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізіледі: кент әкімі жанында кеңестер өткізу, Бейімбет Майлин аудан әкімі аппаратымен өткізілетін семинар-кеңестер.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Халықтың электрондық түрде мемлекеттік қызмет көрсетуге деген сұраныс деңгейін анықтау бойынша қызмет алушылармен сауалнама жүргізіледі.

Бұл азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты алу жеделдігі мен ыңғайлылығының сапалық жаңа деңгейіне шығуына мүмкіндік береді.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

Тиімділікті бағалау критерийлерінің бірі уақтылы және сапалы қызмет көрсету, азаматтардың қанағаттану деңгейін арттыру болып табылады.

Есепті кезеңде қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдері бойынша бұзушылықтар жоқ.

Қызмет көрсету бойынша азаматтардың шағымдары жоқ.

2020 жылдың ақпан және қазан айларында кент әкімі жанындағы жиналыста келесі мәселелер қарастырылды:

  1. Кент тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау туралы
  2. Азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шаралар туралы.
  3. «Электрондық және мобильді үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы.

Бұл кеңестердің шешімдері келесідей болды:

«Мемлекеттік қызметтер туралы» ҚР 15.04.2013 жылғы Заңын, ҚР Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізілімін, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 28.11.2013 жылғы № 06-7/172 және ҚР Көлік және коммуникация министрінің 30.11.2013 жылғы № 964 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау әдістемесін орындау мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандарға:

- аудан әкімінің Интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, рәсімдері мен мерзімдері туралы ақпаратты тұрақты орналастыру;

- Мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету бойынша түбегейлі шаралар қабылдау;

- тіркеу журналдарында Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша құжаттардың толық және уақтылы тіркелуін қамтамасыз ету;

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша құжаттарды қалыптастыру тәртібін сақтау; - мемлекеттік қызметтер бойынша есептілікті жасау кезінде сапа мен уақтылықты сақтау;

- Халықпен, заңды тұлғалармен балама қызметтердің мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы, «Электрондық және мобильді үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау және танымал ету туралы тиімді жұмыс жүргізу»;

- ішкі бақылау жүйесін күшейту;

- қызмет көрсету орындарында, мемлекеттік органдардың интернет ресурстарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру

Жалпы, 2021 жыл ішіндегі жұмыс қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыруға бағытталатын болады. Қойылған міндеттерді іске асыру жөніндегі нақты шаралар, кемшіліктерді жою және проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі нысаналы жұмыс мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уақтылық және сапа өлшемдері бойынша мемлекеттік органдар қызметінің көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.

Бейімбет Майлин ауданы «Тобыл кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы 2020 жылға есебі
Дата публикации
21 апреля 2021