1. Жалпы ережелер. |
||
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер |
1. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Экономика және қаржы бөлімі) жергілікті экономика және бюджеттік жоспарлауды басқару, бюджетті орындау, жергілікті бюджетті орындау бойынша бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізу, коммуналдық меншік объектілерін басқару саласында жетекшілікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Заңды тұлғаның мекенжайы: 111700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 53-үй. 3. Экономика және қаржы бөлімдерінің функциялары «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну» көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға/салуға бюджеттік кредит түрінде мемлекеттік қызмет көрсетеді. Жәрдемақы мөлшері - 100 АЕК, 2020 жылы – 277 800 теңге; бюджеттік несие сомасы 1500 АЕК дейін, 2020 жылы бұл сома 4 167 000 теңгеге жетуі мүмкін. |
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат |
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны |
1 |
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны |
1 |
|
тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны |
1 – тегін;0 – ақылы;0 – ақылы/тегін |
|
қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны |
1 – электрондық/қағаз;0 - қағаз |
|
бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары саны |
1 – стандарттар |
|
3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат |
2020 жылдың 12 айы ішінде Экономика және қаржы бөлімімен 118 мемлекеттік қызмет көрсетті. Олардан 95-і оң шешімін тапты және 23-нен дәлелді бас тартылды. |
|
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс. |
||
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ресми Интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тарауында, олар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат алуға болатын «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сілтемелер, Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі, Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері көрсететін мемлекеттік қызметтер тізімі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары, регламенттері, Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері-көрсетілетін қызметті берушілердің байланыс телефондары орналастырылған.Бөлімде нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік көрсетілетін қызмет жөнінде ақпараттық-анықтамалық материалдар орналасқан стенд безендірілді, сапалы мемлекеттік қызмет көрсету үшін жауапты лауазымды тұлға белгіленді. |
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат |
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері құзыретіне кірмейді. |
|
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар) |
2020 жылы аудандық «Шамшырақ - Маяк» газетінде 3 жарияланым болды:- 2020 жылғы 12 наурыздағы № 10 «Дипломмен ауылға» бабы орналастырылды;- 2020 жылғы 27 тамыздағы № 34 «Дипломмен ауылға - болашаққа айна қадам» мақаласы орналастырылды;- 2020 жылғы 30 желтоқсанда № 52 «Дипломмен ауылға» мақаласы орналастырылды.2020 жылдың маусым, тамыз, қазан және желтоқсан айларында аудан әкімі Беимбет Майлиннің ресми сайтында және аудан әкімінің facebook-парақшасында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша мақалалар орналастырылды.2020 жылдың 16 қыркүйегінде «Алау» телерадиокомпаниясы «Дипломмен ауылға» тақырыбында ролик жариялады.2020 жылдың 7 желтоқсанында "Антикор.лайф" жобасы аясында "Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру "тақырыбы бойынша тікелей эфир өткізілді. |
|
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет. |
||
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері |
Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсету сапасынан оң көрініс табады. Мемлекеттік қызмет көрсету процедурасы оңайлатылады, мемлекеттік қызмет көрсету процесінде мерзімдері және әкімшілік кедергілер қысқартылады. |
|
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар |
Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында құқықтық білім беру сабақтары жүргізіледі. Оларда өзекті тақырыптар қарастырылады, мамандар халыққа қызмет көрсету орталықтарының шоғырландырылған жүйесімен жұмыс жасау жөніндегі семинарларға қатысады.Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері біліктілігін арттыруды Қостанай облысы әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілін арттыру» КМҚК мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жоспары-кестесі негізінде жүзеге асырады. |
|
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау |
||
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша) |
Есептік кезеңде Бөлімге көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар келіп түспеді және қарастырылмады. |
|
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері |
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізудің 2020 жылға бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, Бейімбет Майлин ауданы аппаратының құрылымдық бөлімшесі Бөлімде 1 ішкі бақылау іс-шарасын жүргізді.Бақылау іс-шарасының нәтижелері бойынша бұзушылықтар жүргізген жоқ, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері және көрсетілетін қызметті алушыларды дәлелді бас тарту ұсыну мерзімдері бұзған жоқ. |
|
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері |
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган 2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізген жоқ. |
|
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері |
Көрсетілетін қызметті беруші – Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мемлекеттік органдарында және олардың ведомствоға бағынысты ұйымдарында мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілмеді. |
|
5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру |
||
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың негізгі бағыттары оларды автоматтандыру және электрондық түрге көшіру болып табылады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыс халықтың мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде сұрау салуларына толық бағдарлана отырып, жалғасатын болады, атап айтқанда мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды ұсыну тікелей "Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік копрорациясы" ҰАҚ интернет –ресурсында немесе қағаз түрінде Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылатын болады. |
||