«Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылдың ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жұмыс туралы есеп
|
1. Жалпы ереже. |
|||
|
1) Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер: |
1. «Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. «Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111711, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Павловка ауылы, Вачасов атындағы тұйық көше, 163.
|
||
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: |
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметі жеке мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауына бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі болып табылады. Мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар, өзге де мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарды көрсете отырып, орталық және жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік көрсететін қызметтердің тізбесінің негізінде, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 17 қазандағы No 390 / НҚ бұйрығымен Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер енгізілді (цифрлық даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген) , Қазақстан Республикасының инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, 2020 жылғы 31 қаңтардағы No 39 / НҚ), |
||
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны |
1817 |
||
|
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «электрондық үкіметтің» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны. |
1800
|
||
|
Ақысыз және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны. |
17– ақысыз; |
||
|
қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны. |
1800– электрондық, |
||
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген ережелер мен стандарттары |
17 – стандарт, |
||
|
3) Ең талап етілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: |
2020 жылдың 12 айы ішінде мемлекеттік қызмет көрсетілді - 1817 оның ішінде: - «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 3; «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату»-1, «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» -13, - «электрондық үкіметтің» порталы арқылы - 1800. |
||
|
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс |
|||
|
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері және оған қол жеткізу орындар туралы мәліметтер: |
Халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтеріне теңдей қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында, Таран ауданы әкімдігінің ресми Интернет-ресурста «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «Ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары көрсететін мемлекеттік қызметтер» қосымша бетінде «Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттер, қызмет көрсетушінің байланыс телефоны орналастырылды, ол арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы, оған жауапты тұлғалар туралы және мемлекеттік қызмет көрсету кестелер туралы ақпарат алуға болады. Әкім аппаратының ғимаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы нормативтік құқықтық актілері, ақпараттық-анықтамалық материалдары бар стендтер орналасқан, сапалы мемлекеттік көрсетілетін қызметтеріне жауапты лауазымды тұлғалар тағайындалды. |
||
|
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ашықтықты қамтамасыз етуіне бағытталған шаралар (түсіндіру жұмыстар, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.) |
2020 жылдың ішінде әкім аппараты мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша 4 түсіндіру шара өткізді, оның ішінде: 4 кеңес, ҚБМ 2 сабақ. Халықты мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру шаралармен қамтылу – 75 адам.
|
||
|
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру жөніндегі қызмет |
|||
|
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мен автоматтандыру нәтижелері |
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мен автоматтандыру нәтижелері қызметтер көрсету сапасына оң ықпал етеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімі оңайлатылады, мерзімдер қысқартылады, әкімшілік кедергілер жойылады. |
||
|
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілікті арттыруына бағытталған шаралар |
Мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандардың кәсіби біліктілікті арттыру мақсатында, жалпыға бірдей құқықтық оқу сабақтар өткізіледі, онда өзекті тақырыптар қаралады, сондай-ақ, мамандар аудандық семинарларына қатысады. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелер жөніндегі біліктілік арттыру курстан өткен тұлғалар саны – 0. Ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік қызметкерлерінің біліктілік арттыруы жоспар-кестенің негізінде жүзеге асырылады. |
||
|
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау |
|||
|
1) Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар туралы ақпарат |
Есеп беру кезеңі ішінде ауылдық округі әкімінің аппаратына көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар келіп түскен жоқ және қаралмаған. |
||
|
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері |
Ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. |
||
|
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері |
Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау жөніндегі бас инспекторы Е.Б. Венгловская ауылдық округінде тұрақты түрде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалайды. 10 ақпанда «Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде тексеру жүргізілді - тексеру нәтижелері бойынша заңдылықты сақтау туралы акт жасалды - бұзушылықтар анықталған жоқ |
||
|
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау қоғамдық мониторингтің нәтижелері |
Ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау қоғамдық мониторинг жүргізілмеген. |
||
|
5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының тиімділігі және көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылық деңгейін жоғарылату перспективалар |
|||
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттырудың негізгі бағыттары оларды автоматтандыру және Мемлекеттік корпорацияға беру болып табылады. Жалпы, мемлекеттік қызмет көрсету саласында Мемлекеттік корпорация және «электрондық үкімет порталы» арқылы көрсетілетін қызметтер санының өсуіне оң тенденция байқалады. Мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың қажеттіліктеріне толығымен назар аудара отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыс жалғасады.