"Қауымдық сервитут белгілеу туралы" Майский ауылдық округі әкімі шешімнің жобасы

Жоба

Қауымдық

сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19 - бабына, 69- бабына, 71-1 – бабының 2 тармағына,  және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы»    Қазақстан     Республикасы    2001  жылғы    23 қаңтардағы   Заңының

35-бабына  сәйкес Майский ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Соколов – Сарыбай тау–кен байыту өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамы пайдалы қазбаларды барлау бойынша операцияларды      жүргізу     мақсатында      Приреченское    ауылы

елді-мекенінің  аумағында орналасқан, жалпы аланы 96,1 гектар қауымдық сервитут белгіленсін.

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте «Майский ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                                             С. Ендоренко

        

"Қауымдық сервитут белгілеу туралы" Майский ауылдық округі әкімі шешімнің жобасы
Дата публикации
01 марта 2021