Бейімбет Майлин ауданының қоғамдық кеңесі отырысының № 37 қорытынды хаттамасы 

Бейімбет Майлин ауданының қоғамдық кеңесі

Бейімбет Майлин ауданының қоғамдық кеңесі отырысының № 37 қорытынды хаттамасы 

Әйет а.                                                                              2021 жыл  10 наурыз  

 әкімдіктің кіші мәжіліс залы                                           сағат 11:00

Қоғамдық тыңдау Бейімбет Майлин ауданының Қоғамдық кеңесінің  шешімімен белгіленді, 2021 жылғы 9 ақпандағы № 36 хаттама.

Қоғамдық тыңдаудың тақырыбы: Қостанай облысының географиялық сағат белдеуін UTC + 5 ауыстыру туралы

Қатысқандар: Қоғамдық кеңестің мүшелері - 10 адам (тізім қоса беріледі).

 (Барлығы: 10 адам)

Күн тәртібі:

Қостанай облысының географиялық сағат белдеуін UTC + 5 ауыстыру туралы

ТЫҢДАЛДЫ: 

Наталья Дмитриевна  Руднева – ауданның қоғамдық кеңесінің төрайымы.

Қостанай облысының географиялық сағат белдеуін UTC + 5 ауыстыру

туралы

(Сөз сөйлеу).

Аймақ тұрғындарына сауалнама жүргізу қорытындысын айтып шықты. 

- Сауалнамаға 9 ауылдық округтің (кент) тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері, аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты. 

Сауалнама ZOOM режимінде, барлық елді мекендердің онлайн-топтарында, «Қостанай облысында сағат белдеуін өзгерту» онлайн-сауалнамасында, интернет парақшалар арқылы  өткізілді., сондай-ақ жергілікті қоғамдастық жиналыстары өткізілді (хаттамалар қоса беріледі).  

Халықтың пікірін есепке ала отырып дауыс беруге барлығы 117 жергілікті қоғамдастық мүшелері қатысты. 

Географиялық сағат белдеуін UTC + 5 ауыстыруды «қолдайтындар» -36 адам дауыс берді.

Географиялық сағат белдеуін UTC + 5 ауыстыруды «қолдамайтындар» -73 адам дауыс берді.

«Тартынды» - 8 адам.

Қоғамдық кеңестің мүшелеріне осы мәселе бойынша дауыс беруді ұсынды. 

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Уақытты ауыстыруды «қолдайтындар» -2, «қолдамайтындар»-7, «тартынғандар»- 1 қатынасында Бейімбет Майлин ауданы тұрғындарының пікірі есепке алынсын.

Бейімбет Майлин ауданының Қоғамдық кеңесі мүшелерінің дауыс беру

қорытындысы бойынша Қостанай облысының географиялық сағат белдеуін UTC + 5 ауыстыру орынсыз деп танылсын.

Бейімбет Майлин ауданы

Қоғамдық кеңесінің

төрайымы                                                                       Н.Д. Руднева

Қоғамдық кеңестің

хатшысы                                                                         Ж.К. Жангабулова 

Бейімбет Майлин ауданының қоғамдық кеңесі отырысының № 37 қорытынды хаттамасы 
Дата публикации
10 марта 2021