ЖОБА
Мәслихаттың 2020 жылғы 10 тамыздағы № 403 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 10 тамыздағы № 403 шешіміне (2020 жылғы 19 тамыздағы Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9382 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
7- тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«7) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Жеңіс Күніне орай, табыстарын есепке алмай, 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;».
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |