"Әкімдіктің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 203 «Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы" туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасы

жоба

Әкімдіктің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 203 «Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер

енгізу туралы

 

            Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 маусымдағы    № 29 «Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы» Жарлығына, «Қостанай облысы Таран ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 20 қаулысына және Қостанай облысы мәслихатының 2018 жылғы                 12 желтоқсандағы № 349 бірлескен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8174 болып тіркелген) шешіміне сәйкес Бейімбет Майлин  ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Әкімдіктің «Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін бекіту туралы» 2018 жылғы 11 шілдедегі № 203 қаулысына (2018 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7986 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының кіріспесінде және барлық мәтін бойынша «Таран ауданының», «Таран ауданы» сөз тіркестері «Бейімбет Майлин ауданының», «Бейімбет Майлин ауданы» деп ауыстырылсын;

көрсетілген қаулының қосымшасындағы:

реттік нөмірлері 13,14,15 жолдар жаңа редакцияда мазмұндалсын:

 «

13

KP-TR-13

«Әйет – Майлин»

»;

«

14

KP-TR-14

«Әйет – Қызылжар»

»;

 «

15

KP-TR-15

«Тобыл – Әйет»

».

  1. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

             1)   осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;            2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.           3.   Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.          4.   Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

"Әкімдіктің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 203 «Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы" туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасы
Дата публикации
10 марта 2021