«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің
кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының
2019 жылғы «25» 12 №43 бұйрығына қосымша
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез- құлық стандарты
1.Жалпы ережелер
1) заңдылық;
2) транспаренттілік;
3) әдептілік;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерден қорғау;
5) мүдделер қақтығысын болдырмау болып табылады.
5.1. азаматтардың және ұйымдардың өтініштерін қарау кезінде, төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу, азаматтардың құқықтары мен бостандығына басымдық беру;
азаматтардың заңды мүдделерін және құқықтарын іске асыру ең қысқа уақытта қамтамасыз ету;
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты мен регламентіне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну;
көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
жол берілмеушілік;
оларға қатысты мәселенi объективтi шешуге мүдделiлiк бiлдiрмейдi деп пайымдауға негiз болған адамдарға тексеру жүргiзудi жүктеу жағдайларын болғызбауға;
өтiнiш берген немесе оның мүддесi үшiн өтiнiш берiлген адамға жеке және заңды тұлғалардың зиян келтiретiн өтiнiшiне жол бермеуге;
шағымдарды iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғалардың қарауына жiбермеуге;
жеке тұлғалардың келiсiмiнсiз олардың жеке өмiрi туралы мәлiметтердi, жеке және отбасылық құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге;
жеке тұлғаның жеке басы туралы өтiнiшке қатысы жоқ деректердiң анықталуына жол бермеуге;
жеке тұлғаның жеке басы туралы өтiнiшке қатысы жоқ деректердiң анықталуына жол бермеуге.
5.2. өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде қамтамасыз етуге:
барлық құрылымдық бөлімшелердің және лауазымдық тұлғалардың нақты құзіретін және келісілген қызметін шектеу;
Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзуға бағытталған және (немесе) лауазымдық өкілетін орындауға қатысты емес құқықтық актілерді шығаруға жол бермеуге;
кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеуге;
меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге;
қабылдаған шешімдердің заңдылығына жеке жауапкершілікті қамтамасыз етуге.
5.3. нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау кезінде:
өкілетті органмен нормативтік құқықтық актіні қабылдауға тек мына жағдайда, егер өкілетті органмен аталған актіні қабылдау Қазақстан Республикасының заңнамасымен тікелей қарастырылған жағдайда қабылдауға;
ашық нормативтік құқықтық актілерді ашық талқылау үшін нормативтік құқықтық актілердің жобасын Интернет-порталда орналастыру;
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге жеке кәсіпкерлік субъектілердің аккредиттелген бірлестіктерін және Қазақстан Республикасының Ұлттық палатасы өкілдерінің қатысуы тиіс;
талқылау және қорытынды шығару үшін, азаматтардың құқығы, бостандығы мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобасын Қоғамдық кеңеске жолдау.
5.4. тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қоғамдық-маңызы бар қарым-қатынастар кезінде:
мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға;
жалпыға ортақ қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға;
мемлекеттік биліктің беделін қодауды және Қазақстан Республикасы беделін түсіруге әкеліп соғатын әрекеттерді болдырмауды және мемлекеттік қызмет мүдделерін қамтамасыз етеді, соның ішінде жемқорлыққа қарсы қарсы келу, мемлекеттік қызметшілер үшін заңнамамен бекітілген тыйымдар мен шектеулерді қатаң қадағалауға;
лауазымдық өкілеттікті пайдалану және жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделердің негізінде әкеліп соғатын әрекеттерді болдыруға жол бермеуге;
өздеріне мәлім болған қызметтік әдеп нормаларының бұзу жағдайлары және мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар туралы басшылыққа және әдеп жөніндегі уәкілге дереу хабарлауға;
қажет болған жағдайда жемқорлыққа қарсы мінез-құлық және сыйлық алу туралы қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүдделердің дауы, жеке қызығушылы туындауы туралы басшыға жанама немесе тікелей мәліметті жеткізуге;
әріптестер емн басшыларға бейтарап қызметтік шешім қабылдауға әсер ететін өзара қарым-қатынас тәртібін бұзатын, заң жолына қайшы өтініштерден бас тартуға;
қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтарды қабылдамауға және сыйламауға;
мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;
жақын қарым-қатынастарығ туыстардың (ата-ана, жұбай, аға,апа,бала) тікелей бағыныштылығы мен бақылаулығымен байланысты болса, лауазымға тағайындалудан бас тартуға;
жемқорлықа қарсы іс-қимыл, жемқорлыққа қарсы бұзушылықтарды анықтау белсендігін ықпал етуге;
өкімді орындау үшін алынған заңдылық күдіктері туралы басшыға тікелей тез арада жазбаша түрде хабарлауға;
жоғарғы құқықтық дәне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қадағалауды қолдауға;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы және олардың салдарын, туындауы мүмкін даулардың себептері мен шарттарын жою бойынша шаралар тұрақты негізде қабылдауға;
қызметтік тәртіпті және қызметтік этиканы орындауға;
басшылық қарым-қатынасында жеке адалдыққа жол берілмейді, олардың лауазымдық мүмкіндіктерінің есебінен пайда мен мүлікті алуға деген құштарлық;
өз қызметтік міндеттерін орындамағаны және тисінше орындамағаны үшін азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына құрметпен қараудың үлгісі болуға;
басшылық жекеше басқаратын қызмет тәлісімен іске асырады және қабылдаған шешімдерінің заңдылығына дербес жауапкершілікке тартылады.
бағыныштыларынан олардың лауазымдық өкілеттігіне кіретін тапсырмаларды орындауды талап етпейді.
өз қызметтік міндеттерін орындау барысында бағынышты қызметкерден туындаған, дауларды реттеу бойынша жан-жақты шараларды өз уақытында қабылдау;
жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарды болдыруға жәрдемдесетін, жемқорлықты алдын ала ескерту және себептері мен шарттарын жою бойынша жан-жақты шараларды өз уақытында қабылдау;
бағыныштылармен құмар ойындарына қатысудан өзін ұстау;
өзіне бағынышты қызметкерлердің арасында жемқорлыққа қарсы жұмыстардың жағдайына олармен жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықты болдырмауға дербес жауапкершілікке тартылады.
7.1. Мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс істейтін адамдарға орындау үшін міндетті.
7.2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік немесе материалдық жауапкершілік мемлекеттік органның, ұйымның, қоғамдық қатынастардың жеке саласына жетекшілік ететін квазимемлекеттік сектор субъекті басшысының шешімімен белгіленеді.
7.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың сақталуына бақылау Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі басшысына жүктеледі.
7.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың сақталуы (сақталмауы) туралы ақпарат органның, ұйымның қызметкерлерінің жұмысын аттестациялау және бағалау кезінде қолданылады.