«Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

Асенкритов ауылдық

округі әкімінің

2021 жылғы «_24__» ____02____

№ __9__ өкіміне

қосымша

«Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

  1. Жалпы ережелер.
  2. «Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт (бұдан әрі - Стандарт) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мекемесінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыру кезде қоғамдық қатынастары саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесі болып табылады.
  3. Стандарт «Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілердің (бұдан әрі - мемлекеттік қызметшілер) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлқы қалыптасуына, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбестік ахуалына қол жеткізу, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық көріністерді уақытында анықтау және теріс салдарларын жоюға арналған.
  4. Стандарт:

1) заңдылық;

2) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;

3) жариялылық пен ашықтық;

4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;

6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу;

8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық өкілеттіктерiн атқару кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бiрлестiктер мен олардың органдарының шешiмдерiне байланысты болмайды.
  2. Мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманың шеңберінде:

5.1. азаматтардың құқықтары мен бостандықтардың басымдығын, азаматтары мен ұйымдардың өтініштерін қарау кезде бюрократизм мен сөзбұйдаға салуға жол бермеуді;

азаматтардың құқықтарын жүзеге асыру, заңды мүдделерін қамтамасыз етудің ең аз мерзімін;

мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуді;

қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуді;

мәселенiң объективтi түрде шешiлуiне мүдделi еместiгiне негiздер бар деп саналған тұлғаға азаматтың шағымды қарауды жүктеу жағдайларын болдырмауды;

шағымның оны берген адамға немесе оның мүддесiне орай берiлген адамға нұқсан келтiрудi;

шағымды солардың әрекеттерiне шағым жасалған лауазымды тұлғаларға жiберуді;

азаматтардың келiсуiнсiз олардың жеке өмiрi туралы, жеке басы және отбасылық құпияны құрайтын мәлiметтерді жариялауды;

өтiнiшке қатысы жоқ, азаматтың жеке басы туралы деректердi анықтауға жол бермеудi қамтамасыз етеді.  

5.2. Басқару және өзге де шешімдерін дайындау және қабылдау кезде өз құзыреті шегінде:

өкілеттілігінің және барлық лауазымды тұлғалардың келісіп жұмыс істеуін ара жігін айқын ажыратуды;

лауазымды өкілеттіктерін орындауға қатысы жоқ және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнама бұзуына бағытталған құқықтық актілерді шығаруға ол бермеуді;

кадрларды туысқандық, жерлестік және жеке өзіне берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуді;

меритократия қағидаттарды сақтауын;

қабылданатын шешімдердің заңдылыққа дербес жауап беруді қамтамасыз етеді.

5.3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезде қамтамасыз етеді:

уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауына уәкiлеттi органның осы актiнi қабылдау жөнiнде құзыретi заңда тiкелей көзделген жағдайда ғана жол берiледi;

ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру.

5.4. Тіршілік әрекеті саласына тиісті ерекшелікке байланысты өзге де қоғамдық маңызы бар қатынастары:

мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтайды және нығайтады;

жалпыға ортақ қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтайды;

мемлекеттік биліктің беделін қолдауын және Қазақстан Республикасы беделін түсіретіндей іс-әрекеттер жасауға және мемлекеттік қызметтің мүделеріне қайшы келетін іс-әрекеттер жасауға, оның ішінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуді қамтамасыз етеді, мемлекеттік қызметшілер үшін заңнамамен белгіленген тыйымдары мен шектеулерді қатаң түрде сақтайды;

өзінің лауазымды өкілеттіктерін және соған негізделген беделін жеке басының, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерге пайдалануға алып келуі  мүмкін әрекеттер жасауға жол бермейді;

басшылықтың және (немесе) құқық қорғау органдардың назарына өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілері туралы дереу жеткізеді;

қажет болған жағдайда, мүдделер қақтығысы туындағанда, қызмет міндеттерін атқару кезде жеке басының мүдделілігі туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру және де сыйлық алу жағдайлары туралы да ауылдық округі әкімінің назарына жеткізеді;

бейтарап қызмет шешімін қабылдауға ықпал ете алатын әріптестеріне және басшыларына өзара қарым-қатынастарда белгіленген тәртібін бұзатын заңсыз өтініштерден тартынады;

қызмет өкілеттіктерді орындауымен байланысты сыйлықтарды алмайды және бермейді;

мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбайды;

жақын туыстық қатынастағы тұлғалар (ата-аналар, жұбайлар, ағалар, апалар, балалар) атқаратын лауазымдарға тiкелей бағынысты болатын лауазымға тағайындаудан бас тартады;  

сыбайлас жемқорлыққа іс-қимылда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауда белсенділік білдіреді;

атқару үшін алынған өкімнің құқыққа сыйымды екеніне күмәнданған кезде өзінің тікелей басшысына жазбаша нысанда дереу хабарлайды;

құқықтық жоғары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін сақталуын қолдайды;

мүдделер қақтығысын туындайтын себептері мен жағдайларды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды және олардың салдарларын жою жөніндегі шараларды тұрақты түрде қабылдайды;

қызметтік тәртібі мен қызмет этикасын сақтайды;

басшылыққа қатысты жеке берілгендікке, олардың қызметтік мүмкіндіктері есебінен пайда және артықшылықтар алуға ұмтылуға жол бермейді;

өздердің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауаптылықта болады.

  1. Ауылдық округінің әкімі:

өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына құрметпен қараудың үлгісі болып табылады;

жеке-дара өкімдік қызмет арқылы басшылық жасайды және қабылданатын шешімдердің заңдылыққа дербес жауап береді;

қарамағындағы қызметшілерден лауазымдық өкілеттіктерінен тыс тапсырмалар орындауын талап етпейді;

қарамағындағы қызметшіде өзінің қызметтік міндеттерін орындау барысында туындаған мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі түбегейлі шараларды уақтылы қабылдайды;

сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына ықпал ететін себептері мен жағдайларды жою жөніндегі тұбегейлі шараларды қабылдайды;

қарамағындағы қызметшілермен бірге құмар ойындарға қатысудан тартынады;

қарамағындағы қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың жағдайы үшін және олармен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін дербес жауапты болады.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты орындау.

7.1. Осы Стандарт «Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің барлық мемлекеттік қызметшілермен орындау үшін міндетті.

7.2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік немесе материалдық жауаптылық Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.

7.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың сақталуын бақылау ауылдық округінің әкіміне жүктеледі.

7.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтау (сақтамау) туралы ақпарат «Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау және қызмет тиімділігін бағалау кезде пайдаланылады. 

«Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт
Дата публикации
26 февраля 2021