"Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы стандарты
1) заңдылық;
2) транспаренттілік;
3) әдептілік;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;
5) мүдделер дауларын болдырмау.
5.1. азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдік көріністеріне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу;
азаматтардың құқықтарын іске асырудың және заңды мүдделерін қамтамасыз етудің ең аз мерзімі;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
жол берілмеушілік:
азаматтың өтінішін қарау оған қатысты мәселені объективті шешуге мүдделі емес деп пайымдауға негіз бар адамға жүктеледі;
шағымды берген немесе оның мүддесі үшін шағым берілген адамға зиян келетіндей етіп қарау;
өтініште іс-әрекетіне шағым жасалатын лауазымды тұлғаларға өтінішті жіберу;
азаматтардың жеке өмірі, жеке және отбасылық құпиясы туралы мәліметтерді олардың келісімінсіз жария ету мүмкіндігі;
азаматтың жеке басы туралы өтінішке қатысы жоқ деректерді анықтау.
5.2. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде мыналарды қамтамасыз етеді:
барлық құрылымдық бөлімшелер мен лауазымды тұлғалардың құзыреттілігі мен келісілген жұмыс істеуінің аражігін нақты ажырату;
лауазымдық өкілеттіктерді атқаруға қатысы жоқ және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған құқықтық актілер шығаруға жол бермеу;
туыстық, жерлестік, жеке басына берілгендік белгілері бойынша кадрларды іріктеу және орналастыру жағдайларына жол бермеу;
меритократия қағидаттарын сақтау;
қабылданатын шешімдердің заңдылығы үшін жеке жауапкершілік.
5.3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде мыналарды қамтамасыз етеді:
уәкілетті органның нормативтік құқықтық актіні қабылдау жөніндегі құзыреті Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларда ғана уәкілетті органның осы актіні қабылдауына жол беріледі;
ашық нормативтік құқықтық актілердің Интернет-порталында жария талқылау үшін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері өкілдерінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуы;
азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау және қорытынды шығару үшін Қоғамдық кеңеске Жолдау.
5.4. Тыныс-тіршіліктің тиісті саласының ерекшелігіне байланысты өзге де қоғамдық-маңызды:
Мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтайды және нығайтады;
жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтайды;
мемлекеттік биліктің беделін сақтауды және Қазақстан Республикасының беделін түсіретін және Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қайшы келетін іс-әрекеттерге жол бермеуді, оның ішінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруды, мемлекеттік қызметшілер үшін заңнамада белгіленген тыйымдар мен шектеулерді қатаң сақтауды қамтамасыз етеді;
лауазымдық өкілеттіктерін және соған негізделген беделін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануға әкеп соғуы мүмкін әрекеттер жасауға жол бермейді;
басшылықтың және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына өздеріне белгілі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау фактілері туралы дереу жеткізеді;
қажет болған жағдайда тікелей немесе тікелей басшыға мүдделер қақтығысының туындағаны, қызметтік міндеттерді орындау кезінде жеке қызығушылық туралы, сыбайлас жемқорлық мінез-құлыққа және сыйлықтар алуға көндіру туралы хабарлайды;
әділ қызметтік шешім қабылдауға ықпал етуі мүмкін өзара қарым-қатынастардың белгіленген тәртібін бұзатын заңсыз өтініштермен әріптестері мен басшыларына жүгінуден тартынады;
қызметтік өкілеттігін орындауға байланысты сыйлықтар қабылдамайды және бермейді;
мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында таратуға жатпайтын қызметтік немесе өзге де ақпаратты пайдаланбайды;
егер лауазым жақын туыстық (ата-анасы, жұбайы, аға-інілері, апа-сіңлілері, балалары) қатынаста тұрған адамдардың тікелей бағыныстылығына немесе бақылауына байланысты болса, оны тағайындаудан бас тартады);
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсенділік танытады;
орындау үшін алынған өкімнің заңдылығына күмәні туралы тікелей басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлайды;
жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауды қолдайды;
мүдделер қақтығысының, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың және олардың салдарының ықтимал туындауының себептері мен жағдайларын жою бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдайды;
қызметтік тәртіпті және қызметтік әдепті сақтайды;
басшылыққа қатысты жеке берілгендікке, олардың лауазымдық мүмкіндіктері есебінен пайда мен артықшылықтар алуға ұмтылуға жол бермейді;
өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауаптылықта болады.
өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына құрметпен қараудың үлгісі болады;
басшылықты жеке-дара өкімшілік қызмет жолымен жүзеге асырады және қабылданатын шешімдердің заңдылығы үшін дербес жауапты болады;
бағыныстылардан өздерінің лауазымдық өкілеттіктері шеңберінен шығатын тапсырмаларды орындауды талап етпейді;
қарамағындағы қызметкер өзінің қызметтік міндеттерін орындау барысында туындаған мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі жан-жақты шараларды уақтылы қабылдайды;
сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша түбегейлі шаралар қабылдайды;
қарамағындағылармен құмар ойындарға қатысудан бас тартады;
өзіне бағынысты қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың жай-күйіне және олардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауына жол бермеуге дербес жауапты болады;
7.1. Осы Стандарт "Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің барлық мемлекеттік қызметшілерінің орындауы үшін міндетті.
7.2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік немесе материалдық жауаптылық Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
7.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың сақталуын бақылау Әйет ауылдық округінің әкіміне жүктеледі.
7.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың сақталуы (сақталмауы) туралы ақпарат "Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерін аттестаттау және жұмыс тиімділігін бағалау кезінде пайдаланылады.