Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Мемлекеттік мекемесінің "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі»

Бұйрығына қосымша

мемлекеттік мекемесінің басшысы

ішкі саясат бөлімі "мекемесі

Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің

2021 жылғы " 19 " ақпан

№ 19

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Мемлекеттік мекемесінің "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі»

Осы "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт) "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін адамдар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты сақтауға және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған ұсынымдарды айқындайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың әзірлеушісі "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі"мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың қағидаттары мыналар болып табылады:

Заңдылық;

Транспаренттілік;

Әдептілік;

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;

Мүдделер қақтығысын болдырмау.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негізінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу тұрғысынан лауазымдық міндеттерді орындау бойынша тікелей:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру;

Өз құзыреті шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді даярлау және қабылдау;

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде ұсыныстар енгізу туралы;

Тіршілік әрекетінің тиісті саласының ерекшелігіне байланысты басқа да қоғамдық маңызды қатынастар.

  1. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

1.1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес заңдылық қағидатын басшылыққа алу;

1.2) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қабылдауға;

1.3) лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болу;

1.4) лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде алатын, азаматтардың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат беруді талап етпеуге; ;

1.5) мүдделер қақтығысына жол бермеу, ал олар туындаған жағдайда заңнамаға сәйкес оларды жою бойынша шаралар қабылдау.

  1. Өз құзыреті шеңберінде шешімдер дайындау және қабылдау кезінде:

2.1) адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;

2.2) азаматтық қызметшінің құзыретіне кіретін шешімдерді қабылдау кезінде өзінің заңды міндеттерін орындауға байланысты ешқандай материалдық игіліктер, қызметтер және өзге де артықшылықтар қабылдамау;

2.3) өзіне берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттігін жүзеге асыру;

2.4) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеуге, олардың ықпалынан тәуелсіз болуға;

2.5) еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, берілген өкілеттіктерді тиімді иеленуге;

2.6) өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға міндетті.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды орындау.

3.1. Осы Стандарт "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі"мемлекеттік мекемесінің барлық мемлекеттік қызметшілерімен орындалуы үшін міндетті.

3.2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік немесе материалдық жауаптылық Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленеді.

3.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың сақталуы (сақталмауы) туралы ақпарат "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі"мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерін аттестаттау және жұмыс тиімділігін бағалау кезінде пайдаланылады.

Өзге де шектеулер мен тыйым салулар:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтауға міндетті;

2) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;

3) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;

4) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттігін орындауға байланысты сыйлықтар қабылдау

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Мемлекеттік мекемесінің "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі»
Дата публикации
25 февраля 2021