«Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылдың ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыс туралы есеп
Жалпы ережелер
«Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Бейімбет Майлин ауданы, Асенкритовка ауылы, Аятская көшесі, 69 мекен-жайы бойынша орналасқан, телефон 87143628300.
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметі жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органның қызметі болып табылады.
Орталық пен жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бірыңғай Тізілімін құрайды.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 35-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына, «Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жауапты тұлғаларды бекіту туралы» Асенкритов ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 29 қаңтардағы № 6 өкімімен бекітілген стандарттарына сәйкес, халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында, Асенкритов ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары, олардың функционалдық міндеттеріне және қызмет саласына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсетуді орындау үшін жауапты болып тағайындалды.
«Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ көрсететін мемлекеттік қызметтер тізілімі 16 қызметтен тұрады.
2020 жылдың ішінде 11 мемлекеттік қызмет көретілді, оның ішінде:
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу орны ауылдық округі әкімінің ғимаратында орналасқан ақпараттық стенд болып табылады. Стендте ауылдық округі әкімінің аппараты көрсететін көрсетілетін қызметтер тізілімі, «Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жауапты тұлғаларды бекіту туралы» ауылдық округі әкімінің өкімі, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша құжаттарды қабылдау кестесі, мемлекеттік қызметтер бойынша қағидалары мен стандарттар орналасқан. Барлық көрнекі ақпарат қазақ және орыс тілдерінде ілулі.
Сондай-ақ, мемлекеттік электрондық қызметтердің «өзіне-өзі қызмет ету бұрышы» бар. Азамат ХҚКО –на жүгінбей, Қазақстан Ресубликасының «е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматтағы мемлекеттік қызметтерді ала алады.
Бейімбет Майлин ауданы әкімінің ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер» деген бөлім бар, онда мемлекеттік қызметтер стандарттары, паспорттары орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мен автоматтандыру нәтижесі «электрондық үкімет» веб-портал арқылы мемлекеттік қызмет алуына көрсетілетін қызметті алушылардың жалпы қолжетімділік болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саладағы қызметкерлердің біліктілікті арттыруына бағытталған шаралар өткізеді.
Ауылдық округі әкімінің жанында отырыстарында мынадай мәселелер қаралды:
Бұл азаматтар мен ұйымдары мемлекеттік қызметтерді және мемлекеттік органдардың қызметтің нәтижелерін алудың жылдамдық пен қолайлылықтың жаңа сапалы деңгейіне көшуге мүмкіндік береді.
Тиімділікті бағалау өлшемдерінің бірі мемлекеттік қызметтерді уақытында және сапалы түрде көрсету, азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін жоғарылату болып табылады.
Есепті кезеңі ішінде қызметтер көрсетудің белгіленген мерзімдері бойынша бұзушылықтар жоқ.
Ауылдық округі әкімінің аппаратына қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша шағымдар келіп түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, 2020 жылдың ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыс ұйымдастыруға қатысты жергілікті қоғамдастық жиын өткізілді.
Әкімі аппаратында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының тиімділігі және көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылық деңгейін жоғарылату перспективаларына жатады:
- заңдылық, көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуға жедел елеу, ашықтық, тиімділік пен нәтижелілік қағидаттарда негізделген ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының мониторингі, ішкі бақылау, халық арасында мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуіне бағытталған түсіндіру жұмысын жүргізу;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саладағы қызметкерлердің біліктілікті арттыру.
Жалпы алғанда, 2020 жылдың ішінде жұмыс көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылық деңгейін жоғарылатуына бағытталған. Алға қойылған міндеттерді іске асыру жөніндегі нақты шаралар, өзекті мәселелерді шешу және кемшіліктерді жою бойынша мақсатты жұмысы мемлекеттік органдар қызметінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уақытылы және сапа өлшемдері бойынша көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.