Бейімбет Майлин ауданының 2021-2023 жылдарға арналған нақтыланған Азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба

Бейімбет Майлин ауданының 2021-2023 жылдарға арналған нақтыланған Азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба

Бейімбет Майлин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 442 «Бейімбет Майлин ауданының 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімі аудандық мәслихат сессиясында бекітілді. Аудандық бюджетті нақтылау 2021 жылғы ақпанға жоспарланып отыр.

Аудан бюджетіне түсімдер 4 037 950,0  мың теңгені құрады, оның ішінде:

Салықтық түсімдер – 2 434 513,0,0 мың теңге;

Салықтық емес түсiмдер – 6 019,0 мың теңге;

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 8 789,0 мың теңге;

Трансферттердің түсімдері – 1  406 917,0 мың теңге;

Бюджеттiк кредиттердi өтеу – 50 447,0 мың теңге;

Қарыздардың түсімдері – 131 265,0,0 мың теңге.

Шығыстардың функционалдық топтары бойынша келесі өзгерістер жоспарланып отыр:

- Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер. Сметаларды сараптау және қатты тұрмыстық қалдықтардың нормасын есептеу бойынша қызметтерге ақы төлеуге 2 130,7 мың теңге сомасында шығыстарды ұлғайту жоспарлануда.

- Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру. Инватакси қызметтеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 3 367,0 мың теңге сомасында шығыстарды ұлғайту жоспарлануда.

- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы. Тобыл кентінің тұрғын үйіне газ құбырын салуға және коммуналдық меншікке пәтер сатып алуға ЖСҚ әзірлеу үшін шығыстарды 19 107,7 мың теңге сомасында ұлғайту жоспарлануда.

- Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 29 047,4 мың теңге сомасында шығыстарды ұлғайту жоспарлануда.

- Транспорт және коммуникациялар. Жолды орташа жөндеуге 120 958,4 мың теңге сомасында шығыстарды ұлғайту жоспарлануда.

-  Өзгелер. Су тарату пункттерін орнатуға, экскаватор мен арнайы машина сатып алуға 57 567,0 мың теңге сомасында шығыстарды ұлғайту жоспарлануда.

Бейімбет Майлин ауданының 2021-2023 жылдарға арналған нақтыланған Азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба
Дата публикации
12 февраля 2021