Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылдық округінің
2021-2023 жылдарға арналған азаматтық бюджет
Сіздің назарыңызға құрамында, бюджеттік қаражатты жұмсау бағыттары және оны қалыптастыру параметрлері туралы ақпараты бар, Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған азаматтық бюджет ұсынылады.
Әйет ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті, Бейімбет Майлин ауданы мәслихаты сессиясының 2021 жылғы 08 қаңтардағы № 449 шешімімен бекітілді.
1.Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылдық округінің
2021-2023 жылдарға арналған кірістері
мың теңге
|
Атауы |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
|
Түсімі – барлығы |
241859,0 |
76278,0 |
152181,0 |
|
сонымен қатар: |
|
|
|
|
салық түсімі |
11328,0 |
15031,0 |
18404,0 |
|
салықтық емес түсімдер |
1851,0 |
1943,0 |
2040,0 |
|
трансферттік түсімдер |
228680,0 |
59304,0 |
56137,0 |
«Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндеті туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Әйет ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік кірістерінің болжамды көлемі есептелген.
Кірістерін қалыптастыру кезінде 2020 жылға және 2021 жылға күтілетін түсім есебінен нақты салықтардың түсімі есебінен ескерілді.
Әйет ауылдық округінің 2021 жылға арналған бюджеттің кіріс болжамы 241859 мың теңге сомасында белгіленді, оның ішінде:
Жеке көздер есебінен салық түсімі 11328 мың теңге құрайды. Салықтық түсімдердің негізгі үлесі, төлем көзінен салық салынбайтын, жеке табыс салығы және жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық кірісінен;
Салықтық емес түсімдер 1851 мың теңгені құрады.
аудандық бюджеттен трансферттер түсімі 228680 мың теңге сомасында қарастырылған.