2020 жылдың ішінде Калинин ауылдық округінде жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарау, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыс туралы ақпарат
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке мен заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі болып табылады. Орталық пен жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі Бірыңғай қызметтер тізілімін құрайды. 2020 жылдың ішінде Калинин ауылдық округі әкімінің аппаратында 6 өтініш тіркелді, соның ішінен жеке тұлғалардан – 6, заңды тұлғалардан – 0. Жалпы санынан жазбаша өтініштер – 6, ауызша – 0. Ұжымдық өтініштер, ұсынымдар болған жоқ, арыздар – 6, мемлекеттік тілде өтініштер болған жоқ. Жер және жер пайдалану мәселелер бойынша өтініштер – 5, басқа - 1.
Тиімділік бағалау өлшемдерінің бірі уақытылы және сапалы қызмет көрсету, азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін жоғарылату болып табылады.
Жалпы алғанда, есепті кезеңі ішінде белгіленген мерзімдерін бұзумен көрсетілген қызметтер болған жоқ. Азаматтардан қызметтер көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ. Келушілердің қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.