Мәслихаттың
2021 жылғы « 15 » қантардағы
№ 6 шешіміне
қосымша
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН АУДАНЫНЫҢ АУМАҒЫН ДАМЫТУДЫҢ 2021-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЫ
1 Бөлім. Бағдарламаның паспорты
|
Аумақтың атауы |
Бейімбет Майлин ауданы |
|
Аймақтың негізгі сипаттамалары |
Бейімбет Майлин ауданы облыстың батысында орналасқан, аумағы 7,6 мың шаршы км. Аудан Ресей Федерациясымен және облыстың бес ауданымен (Федоров, Қостанай, Әулиекөл, Қамысты және Денисов) шектеседі. Аудан орталығы-Әйет ауылы. 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аудан халқы 24 251 адамды құрады. Ұлттық құрамы: 27,4% – қазақтар, 43,5% – орыстар, 12,8% – украиндар, 7,8% – немістер, 8,5% - басқа ұлттар. Халықтың тығыздығы-бір шаршы шақырымға 3,2 адам. Аудан құрамына 1 кент, 8 ауылдық округ кіреді. Бейімбет Майлин ауданы индустриалды-аграрлық аймақ ретінде сипатталады. 2019 жылы өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 84,9 млрд. теңгені, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі-15,4 млрд.теңгені құрады. Өзен желісі сирек кездеседі. Аудан көлемінде Тобыл және Аят өзендері ағып өтеді. Ауданда 10-нан астам көл бар. Олардың ішіндегі ең ірілері-Қайындыкөл, Татабайкөл, Угловое, Карминкөл, Қорженкөл, Қарасор. |
|
Бағыты мен мақсаттары |
1. Өңір экономикасының өсуі. 1.1. Өнеркәсіптің шикізаттық емес салаларын басым дамыту. 1.1.1 Өңдеуші өнеркәсіптегі негізгі капиталға инвестициялар. 1.1.2 Тау-кен өндіру өнеркәсібі өнімін шығарудың ФКИ. 1.2 АӨК салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру. 1.2.1 Жалпы шығарудың ФКИ ауыл шаруашылығы өнімін. 1.2.2 Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың ФКИ. 2. Аймақ жайлы және қауіпсіз. 2.1. Азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру. 2.1.1 Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы. 2.2. ТКШ инфрақұрылымы объектілерін жаңғырту. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. 2.2.1 Күрделі жөндеуді талап ететін көп пәтерлі тұрғын үйлер объектілерінің үлесін төмендету. 2.2.2 Халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі АЕМ. 2.3 Жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту. 2.3.1 Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі. 2.4 Өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту. 2.4.1 ҚТҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі. 2.5. Аумақтың төтенше жағдайлардан қорғалуын арттыру. 2.5.1 Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейі 3. Өмірдің жаңа сапасын қамтамасыз ету. 3.1. Халықтың әлеуметтік өмірін жақсарту, 3.1.1 Құрылған жұмыс орындарының саны, оның ішінде. 3.2. Азаматтар үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін арттыру. 3.2.1 Халықтың 1 мың адамға спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі. |
|
Қажетті ресурстар |
Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттер, кәсіпорындардың өз қаражаты және басқа да көздер: Қаржыландыру көлемі: Бағдарламаны іске асыруға 2152,248 млн. теңге*, оның ішінде жылдар бойынша бағыттау жоспарлануда: 2021 жыл – 319,891 млн. теңге*; 2022 жыл – 373,288 млн. теңге*; 2023 жыл – 872,661 млн. теңге*; 2024 жыл – 300,379 млн. теңге*; 2025 жыл – 286,029 млн. теңге*. * Бюджетті бекіту және нақтылау кезінде нақтыланатын болады |