Азаматтық бюджет Бейімбет Майлин ауданының Калинин ауылдық округі 2021-2023 жылдарға арналған
Сіздердің назарларыңызға Бейімбет Майлин ауданының Калинин ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті ұсынылды, онда оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпарат бар.
2021-2023 жылдарға арналған Калинин ауылдық округінің бюджеті Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 449 шешімімен бекітілген.
1 Калинин ауылдық округінің кірістері Бейімбет Майлин ауданының 2021 - 2023 жылдарға арналған
тыс. Теңге
|
Атауы |
2021 жылы |
2022 жылы |
2023 жылы |
|
Түсімдер-барлығы |
27 789,0 |
25 728,0 |
26 758,0 |
|
оның ішінде:
|
|
|
|
|
Салықтық түсімдер |
3 021,0 |
4 037,0 |
4958,0 |
|
салықтық емес түсімдер
|
0 |
0 |
0 |
|
Трансферттердің түсімдері
|
24 768,0 |
21 691,0 |
21 800,0 |
2021-2023 жылдарға арналған Калинин ауылдық округінің бюджеті кірістерінің болжамды көлемі 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодекске сәйкес есептелген.
Кірістер болжамын қалыптастыру кезінде 2020 жылға нақты салық түсімдері және 2021 жылға күтілетін түсімдер ескерілді.
2021 жылға арналған Калинин ауылдық округі бюджеті кірістерінің болжамы 27 789,0 мың теңге сомасында анықталды, оның ішінде меншікті көздер есебінен түсімдер 3 021,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
Салықтық түсімдер 3 021,0 мың теңгені құрайды. Салық түсімдерінің негізгі үлесі жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салыққа және төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығына тиесілі;
салықтық емес түсімдер және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспарланбаған;
аудан бюджетінен трансферттер түсімі субвенция түрінде 24 768,0 мың теңге сомасында көзделген.