«Тобыл кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің қорытындылары бойынша аналитикалық анықтама
Талдау мерзімі: 2020 жылдың 12 айы.
Әкімдіктің ұйымдастыру-басқару қызметінің ішкі талдауы келесі өлшемдер бойынша жүргізілді:
1) қызметкерлерді басқару;
2) мүдделер қайшылықтарын реттеу;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету;
4) рұқсат беруші атқарымдарды іске асыру;
5) бақылау атқарымдарды іске асыру;
6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру сапасы;
7) тауарлар, жұмыстар, қызметтердің мемлекеттік сатып алуларын ұйымдастыру және өткізу;
8) қызметтік әдеп пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау.
«Тобыл кенті әкімінің аппараты» ММ штаттық саны 10 бірлік құрайды. 2020 жылдың 31 желтоқсанына факт бойынша әкім аппаратында 8 адам жұмыс істейді, бос орындар – 2.
2020 жылы өз қалауымен 2 қызметкер, зейнет жасына жеткені бойынша 1 қызметкер жұмыстан шығарылды. Екі мемлекеттік қызметкер жұмысқа қабылданды.
«Тобыл кенті әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылданды, мемлекеттік қызметкерлер қызметтік әдеп қағидаларымен таныстырылды, қаржылық бақылау шараларын іске асыру мақсатында мемлекеттік қызметкерлер және олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер органдарына декларацияларын уақытылы тапсырды.
«Тобыл кенті әкімінің аппараты» ММ 18 мемлекеттік қызмет көрсетеді. 2020 жылына 45 мемлекеттік қызмет көрсетілді, олардың ішінде сауда-саттықты өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 38; жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 6; елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру – 1.
4, 5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, «Тобыл кенті әкімінің аппараты» ММ бақылау-қадағалау, рұқсат беруші атқарымдарды іске асырмайды.
Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру нәтижелерінің мониторингі өткізіледі. Жолданымдарға жауаптары уақытылы және нәтижелі қарастырылады.
«Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңына сәйкес, «Тобыл кенті әкімінің аппараты» ММ-нде жалпы 278 329 739,56 теңге сомасына 78 мемлекеттік сатып алу өткізілді:
1) 217 560 теңге сомасына баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алулар, бұзусыз;
2) мемлекеттік сатып алулар бойынша ашық конкурс тәсілімен болған жоқ.
3) мемлекеттік сатып алулар бойынша бір көзден тікелей келісім-шарт жасау тәсілімен 126 675 341 теңге сомасына, бұзусыз.
4) сәтсіз аяқталған сатып алулар бойынша бір көзден тәсілімен 151 436 838,56 теңге сомасына.
8) Қызметтік әдеп пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау
«2020 жылдың 9 айына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдаудың қорытындылары туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қостанай облысы бойынша қызметтік әдеп кеңесінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 61 шешіміне сәйкес, «Тобыл кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізудің өзектігіне жауапты ретінде Успанов Серик Хусаинович тағайындалды. «Тобыл кенті әкімінің аппараты» ММ-нде мемлекеттік қызметкерлерге ұсынылатын талаптар, мемлекеттік қызметкер мәртебесіне байланысты шектеулер, Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптары сақталады. Талдауды жүргізу мерзіміне Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын сақтауына байланысты тәуекелдердің пайда болу жағдайлары болған жоқ. Көрсетілген мерзімде сыбайлас жемқорлық көріністерінің фактілері болған жоқ, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына тартылған қызметкерлер жоқ.