2020 жыл ішінде «Новоильинов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді талдау бойынша аналитикалық анықтамасы 

2020 жыл ішінде «Новоильинов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді талдау бойынша аналитикалық анықтамасы 

2020 жылдың бірінші жарты жылдығы ішінде «Новоильинов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді талдау жүргізілді.

Өткен кезеңі ішінде қызметкерлеріне өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді тиісті түрде орындамағаны үшін ескерту түрінде екі тәртіптік жаза қолданылған.

«Новоильинов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 шілдедегі № 166 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі бар. 

Бейімбет Майлин ауданы прокуратурасының сауалнамасына сәйкес, «Новоильинов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы кезеңі бойынша нормативтік және нормативтік құқықтық актілерінің көшірмелерін және журналдардың көшірмелерін ай сайын жіберіп отырады, бұзушылықтар анықталған жоқ.

Тоқсан сайын «Аiet shamahyraqy» аудандық газетінде және аудан әкімінің сайтында 2020 жылында «Новоильинов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі жарияланады.

2020 жылдың 6 айы ішінде ММ-не 12 өтініш келіп түсті, олардың ішінен жеке тұлғалардан – 10 және заңды тұлғалардан 2 өтініш. Ауылдық округінің әкімі 8 адамды жеке қабылдады. Барлық өтініштер қаралды.          

Мемлекеттік қызметтер көрсету:

Мемлекеттік мекемесі 20 мемлекеттік қызмет көрсетеді. 2020 жылдың өткен кезеңі ішінде 13 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Комиссия мемлекеттік қызметтер бойынша қалыптастырылған істер іріктеп қарады. Бұзушылықтар анықталған жоқ, істердегі құжаттардың тізбесі стандарт талаптарына сәйкес келеді және регламентке сәйкес көрсетіледі.

Сыйбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жөніндегі қабылданатын шаралар – бұл ең алдымен сыйбайлас жемқорлыққа жол бермейтін жағдайлар жасау арқылы сыйбайлас жемқорлыққа көзқарас өзгертуге бағытталған шаралар.

Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар заңнамаға сәйкес өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу міндет. Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу мақсатында, Новоильинов ауылдық округі әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол бермеу бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі бекітілді, ол ауылдық округі әкімінің аппаратында стендте сенім телефоны нөмірі көрсетіліп, мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылды.

Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексті бақылау журналы жүргізіледі және азаматтар үшін қолжетімді орнында орналастырылды. Жеке мен заңды тұлғалардан келіп түскен ұсынымдар, ескертулері мен шағымдар үшін жәшік орнатылды. Мемлекеттік қызметшілердің табысы жөнінде декларациялар уақытылы және анықтығымен беріледі.

Мемлекеттік сатып алу өткізуі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы нормаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Ай сайын ауылдық округі әкімінің аппараты бойынша бюджеттік қаражаттың жұмсалуына мониторинг жүргізіледі, бюджеттік қаражатты игеру бақылауда. Барлық есеп берулер аудандық қаржы бөліміне уақытында беріледі.

Мемлекеттік қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларды сақтау үшін жауапкершілік бойынша тақырып ауылдық округі әкімінің жанындағы құқықтық білім беру мектебінің сабақтарында қаралады. Аппараттық оқу жүргізу шеңберінде, аппарат мемлекеттік қызметшілері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі зерттейді.

Мемлекеттік қызметшілер өз кәсіби қызметінде Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын және негізгі міндеттерін басшылыққа алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыру кезде:

- азаматтық қоғамның мемлекеттік билікке сенімінің артуы;

- қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты одан әрі дамыту;

- сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпаратқа билік органдарының және лауазымды тұлғалардың жеделден қоюы саналуы тиіс.   

 

2020 жыл ішінде «Новоильинов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді талдау бойынша аналитикалық анықтамасы 
Дата публикации
28 января 2021