«Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары кезеңі ішінде «Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мынадай құрамындағы жұмыс тобы: Асенкритов ауылдық округінің әкімі М.А. Баяқов, бас маманы А.Б. Алтынбаева, жетекші маман А.А. Панакшина «Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларына сәйкес, Асенкритов ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 54 өкімінің негізінде ішкі тадлау жүргізілді.

«Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет, Азаматтық кодекстерді, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексті, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын», Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және «Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені басшылыққа алады.

І. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ

  1. «Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы:

1) Әкім;

2) Бас маман (кадр бөлімі);

3) Бас маман (бухгалтер);

4) Бас маман (заңгер – бос орны);

5) Жетекші маман (ішкі саясат);

6) Жетекші маман (әскери-есепке алу үстел);

7) Жетекші маман (салық);

  1. «Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін талдау барысында нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық актілердің нормаларына сәйкессіздік жоқ.

ІІ. ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ

  1. Персонал басқару, оның ішінде кадрлық ауыспалығы.

Талдау жүргізу кезде Асенкритов ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлердің нақты саны 5 адам құрады, 2 бос орны («Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бос орны бойынша конкурс негізінде мәлімдемелер беріледі, әңгіме өткізіледі).

Талдау жасалатын кезеңі ішінде, мемлекеттік басқа лауазымды атқаруына байланысты, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 61-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, 1 қызметкер жұмыстан шығарылды.

Жұмыс берушінің ынтасымен жұмыстан шығарылсын қызметкерлер жоқ.

Ауыспалылық бойынша «командалық ауыстыру» анықталған жоқ.

2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары ішінде жұмысқа қабылданған қызметкерлер жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысы.

«Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  барысында мүдделер қақтығысы жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша функциялар:

1.

Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

2.

Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

3.

Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру

4.

Азаматтық хал актілері жазбаларын жою

5.

Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен

6.

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

7.

Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

8.

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою

9.

Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну

10.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау

11.

Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау

12.

Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру

13.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

14.

Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру

15.

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу

16.

Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату

17.

Жер учаскесін алу үшін кезекке қою

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша анықталған артық құжаттар жоқ.
  2. Кәсіпорынға (немесе Мекемесіне) келіп түскен жеке мен заңды тұлғалардың өтініштері.

«Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде азаматтарды қабылдау бойынша жұмыс «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 221 Заңына сәйкес жұргізіледі.

Бөлімдерде осы бағыттар бойынша жұмыстың ахуалына, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың уақыттылығы мен сапасын қамтамасыз етуіне талдау жүргізілді, бақылау жоғарылату, белгіленген мерзімдерін бұзумен өтініштерді қарауына жол бермеу жөніндегі шаралар қабылданады. 

2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары ішінде азаматтардан 4 жазбаша өтініш келіп түсті. Оларға жауап уақытылы берілді. 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары ішінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын орындалуына байланысты, «Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшы мен қызметкерлердің әрекеттер бойынша азаматтардан жазбаша мен ауызша өтініштер келіп түскен жоқ.

  1. Сыбайлас жемқорлықтың алды алу жөніндегі шаралар.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегисын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың Жоспарын іске асыру шеңберінде, қызметкерлер үшін дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізіледі, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің қызметтегі мінез-құлқына талаптарын сақтау және мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі комиссиясының 2 отырыс өткізілді.

  1. Мемлекеттік сатып алу.

Мемлекеттік сатып алуы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы нормалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Ай сайын ауылдық округі әкімінің аппараты бойынша бюджеттік қаражатты жұмсау мониторинг жүргізіледі, бюджеттік қаражаттың игеруі бақылауда тұр. Барлық есеп аудандық қаржы бөліміне уақтылы беріледі.

  1. Қорытынды.

Талдау жасалатын кезеңі ішінде лауазымдық, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар және қылмыстар жасағаны үшін қызметкерлеріне тәртіптік жазаларды қолдау фактілер анықталған жоқ.

Жұмыс тобы:

Асенкритов ауылдық округінің әкімі _____________ М.А. Баяқов

Бас маман ______________________ А.Б. Алтынбаева

Жетекші маман________________ А.А. Панакшина

«Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Дата публикации
28 января 2021