«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама
с. Әйет 2021 жылғы 25 қаңтар
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің Үлгілік қағидаларын, сонымен қатар мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі Әдістемелік ұсынымдарын орындауда,
Талданатын кезең: 2020 жылдың 12 айы.
Бөлімнің ұйымдастыру-басқару қызметіне ішкі талдау келесі критерийлер бойынша жүргізілді:
1) персоналды басқару бойынша;
2) мүдделер қақтығысын реттеу бойынша;
3) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша;
4) рұқсат беру функцияларын іске асыру бойынша;
5) бақылау функцияларын іске асыру бойынша;
6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы бойынша;
7) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша;
8) қызметтік әдепті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтау бойынша;
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ штат саны 7 бірлікті құрайды, оның ішінде 1 бірлік бала күтімі бойынша демалыста.
2020 жылы мемлекеттік қызметкерлер қатарынан жұмыстан босату болған жоқ. Барлығы 2 мемлекеттік қызметші қабылданды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындауда «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдады, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп қағидаларымен таныстырылды, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер органдарына декларацияларды уақытылы табыс етті.
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
4, 5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ көрсетілетін барлық 4 мемлекеттік қызметтің рұқсат беру функциялары бар. Орындау кезінде Сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жоқ.
Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау нәтижелеріне мониторинг жүргізіледі. Өтініштерге уақытылы және толық көлемде жауаптар беріледі.
2020 жылдың 12 айында 104 өтініш қабылданып, жазбаша түсініктеме берілді. Өтініштерді қарау кезінде әуре-сарсаңға салу, сонымен қатар мерзімдерді бұзу фактілері анықталған жоқ.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР қолданыстағы Заңы бойынша «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ жалпы сомасы 3 603,97 мың теңгеге 34 мемлекеттік сатып алулар өткізілді:
1) 1 383,3 мың теңге сомасына баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу, бұзушылықсыз;
2) ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша жоқ.
3) 3 220,67 мың теңге сомасына бір көзден алу тәсілімен тікелей мемлекеттік сатып алу бойынша шарт жасасу жолымен 33, бұзушылықсыз.
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар, мемлекеттік қызметші мәртебесіне байланысты шектеулер, Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары сақталады. Талдау жүргізу кезінде Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтаумен байланысты тәуекелдердің туындау жағдайлары анықталған жоқ.