"Приозерное ауылы әкімінің 2011 жылғы 14 қазандағы «Приозерное ауылының көшелеріне атау беру туралы» № 1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Тобыл кенті әкімінің шешім жобасы

ЖОБА

Приозерное ауылы әкімінің 2011 жылғы 14 қазандағы «Приозерное ауылының көшелеріне атау беру туралы» № 1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 5 қаулысы және «Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы»  2019 жылғы 18 желтоқсандағы Қостанай облысы мәслихатының № 456 шешіміне сәйкес, Тобыл кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Приозерное ауылы әкімінің «Приозерное ауылының көшелеріне атау беру туралы» 2011 жылғы 14 қазандағы № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 61326 тіркелген, 2011 жылғы 15 желтоқсандағы «Маяк» аудандық газетінде жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген шешімнің кіріспесінде «Приозерное ауылының әкімі» сөз тіркесі «Тобыл кентінің әкімі» ауыстырылсын.

  1. «Тобыл кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң күшіне енеді.     

Тобыл кентінің әкімі                                                         А. Есмагамбетов

"Приозерное ауылы әкімінің 2011 жылғы 14 қазандағы «Приозерное ауылының көшелеріне атау беру туралы» № 1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Тобыл кенті әкімінің шешім жобасы
Дата публикации
29 декабря 2020