Жоба
|
Тобыл кенті әкімінің 2018 жылғы 17 қаңтардағы «Таран ауданы Тобыл кентінің құрамдас бөліктерін қайта атау туралы» № 2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
|
|
«Қостанай облысының Таран ауданы қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы президентінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 Жарлығына сәйкес, Тобыл кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Тобыл кенті әкімінің «Таран ауданы Тобыл кентінің құрамдас бөліктерін қайта атау туралы» 2018 жылғы 17 қаңтардағы № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7505 тіркелген, 2018 жылғы 19 ақпандағы ҚР электрондық нысандағы НҚА Эталондық бақылау банкі) өзгеріс енгізілсін және аталған шешімнің атауы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кентінің құрамдас бөліктерін қайта атау туралы»
- «Тобыл кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң күшіне енеді.
Тобыл кентінің әкімі А.Есмагамбетов