Бейімбет Майлин ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешім 1-қосымшасының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Бейімбет Майлин ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
ағымдағы және жинақтау жарналарын;
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.»;
көрсетілген шешім 1-қосымшасының 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаларға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкіметінің» веб-порталына арқылы жүгінеді.
Өтініште көрсетілген деректерге сәйкес көрсетілетін қызметті беруші қажетті мәліметтерді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы сұратады.
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.».
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етілсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |