"Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы" аудан әкімдігі қаулысының жобасы

Жоба

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді

пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй істері агенттігі Төрағасының бұйрығына сәйкес - мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы коммуналдық шаруашылықтың 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген) сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  2. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1)  осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін кунтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі                                                                     Қ. Мыржақыпов

"Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы" аудан әкімдігі қаулысының жобасы
Дата публикации
20 декабря 2020