ХАТТАМА
мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы 2025 жылғы қызмет туралы есепті талқылау
жыл.
с.Әйет 2026 жылғы 23 сәуір
сағат 16-00
Төраға: "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ басшысының м.а. Д.Ж. Жақсылықов
Хатшы: "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ әдіскері Клец Т.В.
Қатысқандар:
Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылы мен ауылдарының тұрғындары
"Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ қызметкерлері.
Барлығы 12 адам қатысты.
КҮН ТӘРТІБІ: 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті талқылау.
Сөз сөйлегендер:
"Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ басшысының м.а. Д.Ж. Жақсылықов
Қысқаша мазмұны:
Мемлекеттік мекемемен 9 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
"Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру";
"Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру";
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру";
"Тұрғын үй сертификаттарын беру";
"Ағаштарды кесуге рұқсат беру";
"Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдаудың маршруттары мен қозғалыс кестелерін бекіту";
"Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою";
"Қауіпті техникалық құрылғыларды есептен шығару";
"Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау".
Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің талаптары мен тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ережелерімен, стандарттарымен айқындалады.
Неғұрлым сұранысқа ие 5 мемлекеттік қызмет:
"Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру";
"Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру";
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру";
"Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау".
ШЕШТІ:
Ақпаратты назарға алу.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың бұзылуына жол бермеу.
Мемлекеттік қызметтерді электронды форматта көрсету бойынша жұмысты күшейту.
Төраға Жақсылықов Д.Ж.
Хатшы Т.В.Клец