Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

  1. Жалпы ережелер

 

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) әлеуметтік-еңбек саласында өз қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Орналасқан жері: Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 60-үй, байланыс телефоны 8(71436)36644, электрондық пошта мекенжайы: a.shokpatov@kostanay.gov.kz.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес (Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39 / НҚ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген) бөлім келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

  1. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру;
  2. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, соның ішінде монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен шығару және оларға тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгісін беру;
  3. Тракторлар мен олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, олардың тіркемелерінің, соның ішінде монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелердің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарының, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден шығару), өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу (соның ішінде меншік құқығының басқа тұлғаға өтуі, талап ету құқығын басқаға беру, кейінгі кепіл (қайта кепіл)) және тіркелген кепілдің қолданылуын тоқтату, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе телнұсқа беру;
  4. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, соның ішінде монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу.

      5    Тракторлардың және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдердің, олардың тіркемелерінің, соның ішінде арнайы жабдықтар орнатылған тіркемелердің, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүру мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілде болуы немесе өзге де ауыртпалықтардың бар (жоқ) екендігі туралы ақпарат беру және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгісін беру.

 

Бөлім бойынша 2025 жылы барлығы 402 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 25 мемлекеттік қызмет;
  • электрондық нысанда – 377 мемлекеттік қызмет;
  • қағаз нысанында мемлекеттік қызмет көрсетілген жоқ.

Тракторларды және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, соның ішінде арнайы жабдықтар орнатылған тіркемелерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын мен механизмдерін, сондай-ақ жүру мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу; Тракторлардың және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдердің, олардың тіркемелерінің, соның ішінде арнайы жабдықтар орнатылған тіркемелердің, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүру мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілде болуы немесе өзге де ауыртпалықтардың бар (жоқ) екендігі туралы ақпарат беру және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгісін беру мемлекеттік қызметтері тегін негізде көрсетіледі.

Тракторларды және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүру мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру; Тракторларды және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, соның ішінде арнайы жабдықтар орнатылған тіркемелерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын мен механизмдерін, сондай-ақ жүру мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), есептен шығару және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгісін беру; Кепілді мемлекеттік тіркеу (есептен шығару), өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу (соның ішінде меншік құқығының басқа тұлғаға өтуі, талап ету құқығын беру, кейінгі кепіл (қайта кепіл)) және тіркелген кепілдің қолданылуын тоқтату, сондай-ақ тракторлар мен олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдердің, олардың тіркемелерінің, соның ішінде арнайы жабдықтар орнатылған тіркемелердің, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе оның телнұсқасын беру мемлекеттік қызметтері.

..механизмдерінің, жүру мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың мемлекеттік қызметтері ақылы негізде көрсетіледі.

 

3) Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Жүргізілген талдау негізінде «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ 2025 жылы барлық мемлекеттік қызметтерге сұраныс жоғары екенін анықтады.

 

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

 

1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат Бейімбет Майлин ауданы әкімдігі мен «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ ақпараттық стендте еркін қолжетімді түрде орналастырылған.

2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.).
Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін жетілдіру мақсатында Бөлімнің жауапты қызметшілері мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түрлі іс-шараларға (семинарлар, дөңгелек үстелдер, кеңестер және т.б.) қатысады. Қызмет алушылар жүгінген кезде мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімі туралы білікті кеңес алады.

 

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

 

1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін автоматтандыру олардың көрсету сапасына оң әсерін тигізеді. Процестерді автоматтандыру арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету жеңілдейді, құжаттарды қабылдау мерзімдері қысқарады.

2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында 1 маман біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Бөлімнің мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты қызметшілері мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы тиісті нормативтік-құқықтық актілерді зерделеу арқылы өз білім деңгейлерін арттырады.

 

  • Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау

 

1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2025 жыл ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері
2025 жыл кезеңінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу жағдайлары тіркелген жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау нәтижелері
2025 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – «Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына бақылау жүргізді.

4) Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері
2025 жылғы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қоғамдық мониторинг.

 

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қызмет алушылардың қанағаттануын одан әрі арттыру және тиімділік перспективалары

 

Бөлімнің мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша алдағы уақыттағы тиімді жұмысы үшін, сондай-ақ қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында 2026 жылы мыналар жоспарлануда:

  • мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсету бойынша қажетті шараларды қабылдау;
  • қызмет алушыларға Бөлім көрсететін мемлекеттік қызметтердің тәртібі туралы тұрақты негізде ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу;
  • мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты Бөлім қызметшілерінің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы біліктілікті арттыру іс-шараларына қатысуы;
  • осы есепті жария талқылауды өткізу.

 

             Бөлім 5 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:

 

  1. Тракторларды және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүру мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру;
  2. Тракторларды және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, соның ішінде арнайы жабдықтар орнатылған тіркемелерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы...

..мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүру мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), есептен шығару және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгісін беру;

  1. Кепілді мемлекеттік тіркеу (есептен шығару), өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу (соның ішінде меншік құқығының басқа тұлғаға өтуі, талап ету құқығын беру, кейінгі кепіл (қайта кепіл)) және тіркелген кепілдің қолданылуын тоқтату, сондай-ақ тракторлардың және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдердің, олардың тіркемелерінің, соның ішінде арнайы жабдықтар орнатылған тіркемелердің, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүру мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе оның телнұсқасын беру;
  2. Тракторларды және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, соның ішінде арнайы жабдықтар орнатылған тіркемелерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын мен механизмдерін, сондай-ақ жүру мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;
  3. Тракторлардың және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдердің, олардың тіркемелерінің, соның ішінде арнайы жабдықтар орнатылған тіркемелердің, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүру мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілде болуы немесе өзге де ауыртпалықтардың бар (жоқ) екендігі туралы ақпарат беру және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгісін беру.
Дата публикации
28 апреля 2026