«Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыс туралы есеп

«Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың ішінде

мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыс туралы

есеп

 

  1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

     1. «Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету саладағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. «Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан  Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Заңды тұлғаның орналасқан орны: 111700, Қазақстан Республикасы, Қостанайя облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылдық округі, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 87. Телефон: 8 (71436)3-61-12.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

      Жоғары сапалы мемлекеттік қызметтерге ашық және барлығына тең қол жеткізу Мемлекет басшысының мемлекеттік басқару органдарының алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы.

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 35-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына, «Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жауапты тұлғаларды бекіту туралы» Әйет ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 18 қарашадагы № 91-ө өкімімен бекітілген стандарттарына сәйкес, халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында, Әйет ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары, олардың функционалдық міндеттеріне және қызмет саласына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсетуді орындау үшін жауапты болып тағайындалды.

Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің саны, барлығы

39

- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация, «электрондық үкімет порталы» арқылы мемлекеттік көрсетілген қызметтердің саны

4

  

ақылы және (немесе) тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

39 – тегін;
0 – ақылы.

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

35 – электрондық,
4 – қағаз түрде

Мемлекеттік қызметтер көрсету бекітілген ережелердің саны

6 мемлекеттік қызмет, оның ішінде:

1. «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту»

 

2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»

 

3. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»

 

4. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»

 

5. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»

 

6. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»

3) Сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

      Есепті кезеңі ішінде сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер болып табылады: 

 - «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 9 қызмет (жеке тұлғаларға – 9); оның ішінде - «электрондық үкімет порталы» арқылы – 9;

 - "Жердің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" - 2 қызмет (Жеке тұлғаларға - 2), оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы -2;

 - "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" - 4 қызмет (Жеке тұлғаларға – 3, заңды тұлғаларға – 1), оның ішінде "электрондық үкімет порталы" арқылы -0;

- "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" – 5 қызмет (Жеке тұлғаларға – 5, заңды тұлғаларға-0), оның ішінде "электрондық үкімет порталы" арқылы -0.

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттың көзі және қол жеткізу орындары туралы мәліметтер:

     Халыққа мемлекеттік қызметтерге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында, Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ресми Интернет-ресурста «Мемлекеттік қызметтер» деген бөлімінде «Ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары көрсететін мемлекеттік қызметтер» қосымша бетте мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидалары мен стандарттары, көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондар, жауапты тұлғалар туралы ақпарат және мемлекеттік қызметтер көрсету кестелер орналасқан, олар арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат алуға болады.  

Әкім аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша нормативтік құқықтық актілер, ақпараттық-анықтамалық материалдары бар стендтер орналасқан, мемлекеттік қызметтер  көрсету сапасы үшін жауапты лауазымды тұлғалар белгіленді.

Азаматтар үшін қолжетімді орнында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат орналасқан, сондай-ақ мемлекеттік электрондық қызметтердің «өзіне-өзі қызмет ету бұрышы» бар, онда әр азамат ХҚКО-на жүгінбей, Қазақстан Республикасының «е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді ала алады. Әкімдік қажетті компьютерлік және кеңсе техникасымен, күту үшін жиһазбен, отыратын орындармен жабдықталған.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестің ашықтығын қамтамасыз етуіне бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстар, семинарлар, кездесулер, сұхбат және т.б.)

 2025 жылы БАҚ-да мемлекеттік органдарда ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету, сондай-ақ, Еgov.kz порталы арқылы әртүрлі қызметтерді алу мүмкіндік бойынша материалдар жарияланды.

2025 жылдың нәтижелері бойынша жария талқылаудың барысында, мемлекеттік қызметтер көрсету саладағы қызмет туралы ұсынымдары мен ескертулер түскен жоқ.  

2025 жылдың ішінде әкім аппараты мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша 17 түсіндіру іс-шараны өткізді. Халықты мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шаралармен қамту – 650 адам.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мен автоматтандыру нәтижелері

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мен автоматтандыру нәтижелері олардың көрсету сапасына оң ықпал етеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімі оңайлатылады, мемлекеттік қызметтер көрсету процестің мерзімдері және әкімшілік тосқауылдар қысқартылады, көрсетілетін қызметті алушының «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға жалпы қолжетімділігі бар. «электрондық үкімет» порталы арқылы келіп түскен өтініштер уақытылы пысықталды. 

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саладағы қызметкерлердің біліктілікті арттыруына бағытталған іс-шаралар

 Мемлекеттік қызметтер көрсету саладағы қызметкерлердің біліктілікті арттыруына бағытталған іс-шаралар өткізіледі.

Ауылдық округі әкімінің жанында отырыстарында мынадай мәселелер қаралды:

1. Жер қатынастары саладағы мемлекеттік қызметтер көрсету Қағидалары.

2. Мемлекеттік қызметтерді шағымдану тәртібі.

Бұл азаматтар мен ұйымдары мемлекеттік қызметтерді және мемлекеттік органдардың қызметтің нәтижелерін алудың жылдамдық пен қолайлылықтың жаңа сапалы деңгейіне көшуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсететін мамандардың кәсіптік біліктілікті арттыру мақсатында, жалпыға бірдей құқықтық оқу бойынша сабақтар өткізіледі, онда өзекті тақырыптар қаралады, сондай-ақ, мамандар аудандық семинарларына қатысады. 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі біліктілікті арттыру курстардан өткен тұлғалар саны – 2. Ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілердің біліктілікті арттыруы мемлекеттік қызметшілердің біліктілікті арттыру бойынша Жоспар-кестенің негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шағымдар туралы ақпарат.

Тиімділікті бағалау өлшемдерінің бірі мемлекеттік қызметтерді уақытында және сапалы түрде көрсету, азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін жоғарылату болып табылады.

Есепті кезеңі ішінде ауылдық округі әкімінің аппаратына қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шағымдар келіп түскен жоқ және қаралмады.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

 Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ауылдық округі әкімінің аппаратында бұзушылықтар анықталмады.  

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органы жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша тұрақты түрде жүргізіледі. 2025 жылдың ішінде мемлекеттік қызметтер көрсетудің мерзімдерін бұзуы анықталмады.

Өтініш берушілер мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөнінде жүгінген кезде құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол бермеу мақсатында, мамандар мемлекеттік қызметтерді алуға құжаттардың топтамасын қалыптастыру тәртібін түсіндіреді.  

2025 жылдың ішінде әкімдікте мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі 4 іс-шара өткізілді.

4) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингтің нәтижелері.

Ауылдық округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілді. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыруға қатысты жергілікті қоғамдастық жиыны өткізілді

5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының тиімділігі және көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылық деңгейін жоғарылату перспективалары.

      Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы, оның ішінде электрондық форматтағы мемлекеттік қызметтермен әрі қарай қамтамасыз ету мақсатында, 2026 жылы бұқаралық ақпарат құралдарда ХҚКО және «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндік бойынша халықпен түсіндіру жұмысы жалғастырылады. Мемлекеттік органдардың қызметкерлердің және көрсетілетін қызметті алушылардың қарым-қатынасты азайтуды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімін ХҚКО және ЭҮП арқылы балама негізіне ауыстыру бойынша жұмысы жалғастырылады.

Жалпы алғанда, 2026 жылдың ішінде жұмыс көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылық деңгейін жоғарылатуына бағытталыналы. Алға қойылған міндеттерді іске асыру жөніндегі нақты шаралар, өзекті мәселелерді шешу және кемшіліктерді жою бойынша мақсатты жұмысы мемлекеттік органдар қызметінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уақытылы және сапа өлшемдері бойынша көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.

 

Дата публикации
24 апреля 2026