БЕКІТЕМІН
Әйет ауылдық округіәкімінің м.а. _______________С. Успанов
2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті көпшілік талқылауының хаттамасы
«Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Әйет ауылы № 1 2026 жылғы 24 сәуір
сағат 15.00
Төрайымы:: Успанов С.Х. - Әйет ауылдық округі әкімінің м.а.
Хатшы: Айтмағамбетов И. Ғ. - Әйет ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы
Қатысқандар: көрсетілетін қызметті алушылар, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданының білім беру бөлімінің Б.Майлин атындағы орта мектебі» КММ, «С.Ерғалиев атындағы орта мектебі» КММ-нің басшылары Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданының Красносельская орта мектебі» мемлекеттік мекемесі» КММ, «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының Бейімбет Майлин ауданының білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы» КМК. Қостанай облысы » , Бейімбет Майлин ауданы ДЭП ОП, әкімдік қызметкерлері.
Барлығы-19 адам.
КҮН ТӘРТІБІ:
«Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі.
Әйет ауылдық округі әкімінің м.а. С. Успанов баяндама жасады.
Баяндама қорытындысы бойынша жиналғандардан сұрақ түскен жоқ.
Баяндаманы талқылау нәтижесінде келесі ұсыныстар айтылды:
- электрондық қызмет көрсету үлесін 95%-ға дейін қамтамасыз ету арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің халыққа қызмет алушылармен байланысын қысқарту бойынша шаралар қабылдау; - сенімді есеп ақпаратын ұсынуды тұрақты бақылауды қамтамасыз ету.
- ережелерімен бекітілген Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңын және оларға енгізілген өзгерістерді мұқият зерделеу;
- проактивті және композиттік форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін кеңейту бойынша жұмыстарды жүргізу;
- стандарттар мен регламенттерге сәйкес мемлекеттік қызметтерді уақытында көрсету.
Осы хаттаманың орындалуын бақылау мемлекеттік қызмет көрсететін бас маман – Успанов Серик Хусаиновичқа жүктелсін.
Хатшы : И. Айтмағамбетов