
2020 жылдың 01-03 қазаны аралығында «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ «Қостанай облысының Білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ бірлесе отырып, Мұғалімдер күніне арналған Қостанай облысының мұғалімдері арасында «Темір планка» бойынша онлайн – жарыс ұйымдастырды.
Онлайн-жарыстын жалпы басшылығын Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Дене тәрбиесі және балалар мен жасөспірімдер туризмінің өңірлік орталығы жүзеге асырды.
Онлайн-жарыстың мақсаты мен міндеті: өзін-өзі оқшаулау жағдайында қатысушылардың денсаулығын, физикалық тонусын сақтау, спорттық рухын қолдау, салауатты өмір салтын насихаттау және дәріптеу болып табылды.
Барлық қатысушылар үдерісті тиісті құжаттаумен (бейне, параметрлерді өлшеу) тапсырмаларды (жаттығуларды) орындады.
Онлайн-жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының медальдерімен және «Қостанай облысының Білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ жүлделерімен марапатталады.
Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
Әйелдер арасындағы жеке біріншілік
1 орын Екатерина Круть Рудный қаласы
2 орын Светлана Дубовик №21 Рудный қаласының МГ
3 орын Людмила Каптилова Қарабалық ауданының А. Құнанбаев атындағы ОМ
Ерлер арасындағы жеке біріншілік
1 орын Сергей Смирнов Қарабалық ауданының Приреченск мектебі
2 орын Григорий Юдин Бейімбет Майлин ауданының Таран ОМ
3 орын Виктор Цирик Ұзынкөл ауданы №1 Ұзынкөл ОМ
Командалық орындар (әйелдер)
1 орын Қарабалық ауданының А. Құнанбаев атындағы ОМ
2 орын Рудный қ. Рудный ББ
3 орын Кейкі батыр атындағы №4 ОМ -1 Арқалық командасы
Командалық орындар (ерлер)
1 орын Бейімбет Майлин ауданының Таран ОМ
2 орын Ұзынкөл ауданының Троебрат ОМ
3 орын Ұзынкөл ауданының №1 Ұзынкөл ОМ
Аталған онлайн жарыстарға Қостанай облысының 280 астам мұғалімі қатысты.
Барлық қатысушылар жаттығуды қашықтықтағы режимде орындады.