Меню

Страницы

Статья

«Darmen» қосымшасы

«Darmen» қосымшасы

 

Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды дамыту кезеңінде мобильдік қосымшаларды пайдалану төтенше жағдайларды алдын алу бойынша халықты жедел ақпараттандыру үшін өзекті болып табылады. Ел тұрғындарының қауіпсіздігі үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 2019 жылы «Darmen» мобильді қосымшасын іске қосты. Қосымша дауылды ескертулер мен басқа да төтенше жағдайлар, автомобиль жолдарының жабылуы туралы хабарламаларды уақтылы жіберу үшін, сондай-ақ қысқы кезеңде қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты мектептерде сабақтарды тоқтату кезінде оқушылар мен олардың ата-аналары үшін тегін және ыңғайлы болып табылады. Сондай-ақ бағдарламада түрлі төтенше жағдайлардағы іс-қимылдар бойынша ұсынымдар жаңартылады.

Қосымша хабарламаларды жедел жеткізуде жоғары тиімділікті көрсетті. Қазіргі уақытта мобильдік қосымшаны Қостанай облысының 3,5 мыңға жуық тұрғыны пайдаланады. Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Darmen» мобильді қосымшасы арқылы және SMS-хабарламалар арқылы облыстағы метеогидрологиялық жағдай туралы жедел ақпаратты, дауылды ескертулерді, нұсқаулықтарды және т.б. шұғыл өзгеретін климаттық жағдай жағдайында жедел алынған ақпарат төтенше оқиғаларды айтарлықтай азайтып және адам өмірін сақтап қала отыра, алдын ала шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, төтенше жағдайлардың алдын алу үшін Қостанай облысының ТЖД осы қосымшаны пайдалануға белсенді қатысуға шақырады.

Дата публикации
15 октября 2021
Дата обновления
15 октября 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

03 сентября 2026
«Үздік педагог – 2026»: мұғалімдер арасындағы байқаудың кезеңдері басталды
Сөз сөйлеу
13 февраля 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдістемелік ұсынымдар бойынша түсіндіру жүргізілді
Ақпарат
18 июля 2025
ХАБАРЛАНДЫРУ

Социальные медиа

Білім басқармасы
Білім басқармасы парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы