Меню

Страницы

Статья

«Үздік педагог – 2026»: мұғалімдер арасындағы байқаудың кезеңдері басталды

 Елімізде білім беру саласындағы үздік педагогтерді анықтауға бағытталған республикалық «Үздік педагог – 2026» байқауын өткізу жұмыстары басталды. Байқаудың негізгі мақсаты – білім беру саласының үздік ұстаздарын анықтау, педагогтердің кәсіби шеберлігін қолдау және олардың шығармашылық бастамаларына серпін беру.«Үздік педагог – 2026» – мұғалім мамандығының беделін арттыруға, білім беру саласының кәсіби мамандарын қолдауға және еліміздегі білім сапасын одан әрі жетілдіруге бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Педагогтер үшін бұл байқау өздерінің кәсіби жетістіктерін, педагогикалық шеберлігін және білім беру үдерісін ұйымдастырудағы заманауи тәсілдерін таныстыруға мүмкіндік беретін маңызды кәсіби алаң болып саналады.
Байқау үш кезең бойынша өтеді
Бірінші, аудандық кезең 27 тамыз бен 11 қыркүйек аралығында өткізіледі. 27 тамыздан 3 қыркүйекке дейін қатысушылар қажетті құжаттарын жүктейді. Ал 4-11 қыркүйек аралығында өңірлік комиссия ұсынылған материалдарды қарап, тиісті шешім қабылдайды.
Екінші, облыстық кезең 14-21 қыркүйек аралығына жоспарланған. Құжаттарды жүктеу 14-16 қыркүйек күндері жүргізіледі. Одан кейін, 17-21 қыркүйек аралығында өңірлік комиссия қатысушылардың материалдарын бағалайды.
Ал республикалық кезең 22 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өтеді. 22 қыркүйектен 2 қазанға дейін қатысушылар қажетті құжаттарын жүктей алады. Бұдан кейін Республикалық комиссия мүшелері конкурсқа ұсынылған материалдарды қарайды.
Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар арнайы электрондық платформа арқылы қабылданады. Қатысушылар құжаттарын uzdikustaz-nobd.edu.kz сайты арқылы жүктей алады.

Дата публикации
03 сентября 2026
Дата обновления
03 сентября 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
Сыбайлас жемқорлық картограммасы
22 октября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ КАРТАСЫ
03 сентября 2026
«Үздік педагог – 2026»: мұғалімдер арасындағы байқаудың кезеңдері басталды

Социальные медиа

Білім басқармасы
Білім басқармасы парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы