Меню

Страницы

Статья

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін 2025-2026 оқу жылына жергілікті бюджеттен білім беру гранттарын бөлу туралы

Құрметті облыс тұрғындары! 2025-2026 оқу жылына жоғары білім алу үшін (бакалавриат және резидентура) жергілікті бюджет есебінен конкурс негізінде білім беру гранттары бөлінеді

Конкурс екі кезеңмен өткізіледі:

1-кезең – құжаттар қабылдау: осы жылдың 5-10 тамыз аралығында

2-кезең - конкурс комиссиясының отырысы: осы жылдың 15-16 тамыз күндері

 

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. белгіленген үлгі бойынша өтініш;
  2. жалпы орта білім туралы құжатының көшірмесі (ЖОО қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқа қажет);
  3. ҰБТ сертификатының көшірмесі, студенттер — соңғы сессияның нәтижелері, интернатураға түсетіндер – бакалавриат туралы дипломның көшірмесі (ЖОО қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқа қажет);
  4. 075 нысан бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі (тапсыратын кезде түпнұсқа қажет);
  5. жеке куәліктің көшірмесі;
  6. бар болса – көп балалы отбасының мәртебесін, аз қамтылғандығын, жетім қалғанын немесе ата-анасының қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттардың көшірмелері;
  7. «Жалпы медицина», «Педагогика» мамандықтары үшін — психометриялық тесттен өткендігі туралы анықтама;
  8. «Өнер» саласының мамандықтары үшін — шығармашылық емтихан қорытындысы.

Құжаттарды қабылдау орны: А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті (Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 118, 1-қабат).

Конкурс қорытындысы: Грант иегерлерінің тізімі Білім басқармасының сайтында 20-тамызға дейін жарияланады.

Білім беру грантын беру туралы куәлік осы жылдың 25 тамызынан кешіктірілмей беріледі.

Байланыс телефоны: 8 (7142) 39-08-16

 

 

2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі

 

1

6B02

Өнер және гуманитарлық ғылымдар

6B022 Гуманитарлық ғылымдар

2

2

Дінтану

1

3

Исламтану

1

4

6B021 Өнер

2

5

Дирижерлау

1

6

Аспаптық орындаушылық

1

7

6В10

Денсаулық сақтау

(бакалавриат)

6В101 Денсаулық сақтау

8

8

Стоматология

4

9

Медицина

4

10

7R01

Денсаулық сақтау

(резедентура)

Акушерлік және гинекология, оның ішінде балалар гинекологиясы

10

11

Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы

7

12

Ересектер, балалар хирургиясы

10

13

Жұқпалы аурулар, оның ішінде балалардың жұқпалы аурулары

4

14

Кардиология, оның ішінде балалар кардиологиясы

6

15

Невропатология, оның ішінде балалар невропатологиясы

3

16

Офтальмология, оның ішінде балалар офтальмологиясы

2

17

Психиатрия

5

18

Травматология-ортопедия, оның ішінде балалар травматологиясы және ортопедиясы

5

19

Медициналық реабилитология, оның ішінде балалар реабилитологиясы

4

20

Функционалды диагностика

5

21

Ересектер, балалар онкологиясы

6

22

Педиатрия

4

23

Ультрадыбыстық диагностика

5

24

Радиология

5

 

Дата публикации
18 июля 2025
Дата обновления
24 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
Сыбайлас жемқорлық картограммасы
22 октября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ КАРТАСЫ
03 сентября 2026
«Үздік педагог – 2026»: мұғалімдер арасындағы байқаудың кезеңдері басталды

Социальные медиа

Білім басқармасы
Білім басқармасы парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы