2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ
қызметінің жыл сайынғы есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Білім басқармасы, облыстың аудандар мен қалалардың білім бөлімдері және ведомстволық бағынысты ұйымдар 44мемлекеттікқызмет көрсетеді.
Оның 8-і электрондық, оның ішінде 7-і толық автоматтандырылған (Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру; Кәмелетке толмағандардың мүлкіне билік ету үшін анықтамалар беру; Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру; Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді және оның мөлшері; Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою; Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару және мөлшері; Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға білім беру қызметтерін алушыларға дербестендірілген қаржыландыруды ұсыну); 1 ішінара автоматтандырылған (Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді өзектендіру (түзету).
9 қызмет қағаз түрінде жүзеге асырылады (Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру; Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру; Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына беру; Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешімін беру; Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету; Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлауға құжаттарды қабылдау; Құжаттарды қабылдау және Жасөспірімдер үйіне қабылдау; Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру; Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру).
27 балама нысанда (электрондық/қағаз нысанда).
Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарымен 8 мемлекеттік қызмет, білім басқармасымен және бөлімдерімен, бастауыш, орта, жалпы орта білім беру ұйымдарымен 32 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, басқалары – 4.
Мемлекеттік қызмет реестрі бойынша Білім басқармасы 2025 жылы 4 мемлекеттік қызмет көрсетті (Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру; Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау; Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау; Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа құжаттарды қабылдау).
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны – 19.
2025жылыбарлығы111мыңнанастаммемлекеттікқызметкөрсетілді,оныңішінде104мыңнанастамыэлектронды түрде көрсетілді(93,7%).
Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер - Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою; Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау; Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау; Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау; Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау; Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну.
Білім басқармасының сайтында және стендтерінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен тәсілі туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін (http://edu.kostanay.gov.kz/) стандарттар мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылған.
МемлекеттікқызметтеркөрсетутәртібітуралыақпараттытүсіндіружәнежеткізумақсатындаБілімбасқармасыныңмамандарымемлекеттікқызметтеркөрсетугеқатысты заңнаманы сақтау,оныңішінде мемлекеттік қызметтер көрсетукезіндемерзімдердісақтауқажеттілігітуралыхаттардытұрақтынегіздежібереді, құқықтықжаппай оқыту шеңберіндемемлекеттікқызметтеркөрсетутәртібітуралысеминарларөткізеді.
Білім басқармасының, білімбөлімдерініңәлеуметтікжелілерініңпарақшаларындамемлекеттікқызметкөрсетутәртібітуралыақпаратжарияланады.
Облыстың білім беру ұйымдарында халыққа өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жабдықталған.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтертуралы»ҚазақстанРеспубликасыЗаңының11-бабының12-тармағынасәйкесбілімбасқармасыменбөлімдерібекітілгенжоспарғасәйкес ай сайынбақылауіс-шараларын жүргізеді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша 173 білім беру ұйымы тексерілді.
Тексеріс соңында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу, мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында көзделмеген құжаттарды талап ету, мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ мобильділігі төмен азаматтар үшін жағдайларды қамтамасыз ету (пандус, контрастты таңбалау ленталары, Брайль мәтіні бар тактильді белгілер, көтергіш және т.б.) бойынша тексеру нәтижелері туралы акт жасалады, ұсынымдар беріледі. Бұзушылыққа жол берген адамдарға тәртіптік сипаттағы тиісті шаралар қолданылады.
«ХҚКОИАЖмониторингі»кіші жүйесінен түсіругесәйкес2024жылыведомстволықбағыныстыұйымдардыңмемлекеттікқызметкөрсетукезінде9бұзушылық анықталды. Мемлекеттікқызметкөрсетугежауаптытұлғалартәртіптікжауапкершіліккетартылды.
Өткенкезеңдебілім беру саласында мемлекеттік қызметкөрсетугешағымдартүскенжоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушілердің халықпен байланысын төмендету мақсатында бастауыш, орта, негізгі орта білім беру ұйымдарында «SAKURA» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарында «INDIGO» ақпараттық жүйесі енгізілді. Қосымша білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін «MINDAL» электрондық жүйесі, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту саласында – «MALAHIT», техникалық және кәсіптік білім беру саласында 2025 жылы «AZAMAT» электрондық жүйесі пайдаланылды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ұсыныстарды 16.04.2026 жылы мен 29.04.2026 жылы аралығында pravo@edu-kost.kz мекенжайына немесе 8(7142) 39-07-98 нөміріне ұсыну қажет.