«Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсын өткізу туралы

«Орта білім беретін үздік ұйым»

конкурсын өткізу туралы

 

          «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 02 наурыздағы № 221 «Орта білім беретін үздік ұйым» (облыстық) конкурстың ІІ кезеңін өткізу туралы» бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың мамыр айында «Орта білім беретін үздік ұйым» (облыстық) жыл сайынғы конкурстың ІІ кезеңі өткізілетін болады.

          Осыған орай ағымдағы жылдың 04 мамырына дейін Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының мекенжайына: Қостанай қаласы, Гоголь  көшесі, 75 үй, 123 кабинетке осы конкурсты өткізу Бұйрығына сәйкес материалдарды  ұсыну керек (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 544 бұйрығы).

          Конкурсты өткізу қағидаларымен көрсетілген сілтеме бойынша танысуға болады -  https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V14H0010178

Дата публикации
30 марта 2026