«Қостанай облысының мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындарды өтеу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 371 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Қостанай облысының мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындарды өтеу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 371  қаулысына

өзгеріс енгізу туралы

 

 

Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қостанай облысының мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін  шығындарды өтеу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 371 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10055 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушілердің келесі жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін  шығындары толық көлемде өтелсін:

  • жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
  • мүгедектігі бар балаларға;
  • атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар, соның ішінде көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, соның ішінде көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға.».
  1. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
  • осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
  • осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

 

 

 

Қостанай облысының әкімі                                                        Қ. Ақсақалов

 

 

 

 

Дата публикации
02 февраля 2026