2026 жылы грант мөлшері мен оны беру тәртібін белгілей отырып, «Үздік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы» грантын беру конкурсын өткізу туралы хабарландыру

2026 жылы грант мөлшері мен оны беру тәртібін белгілей отырып, «Үздік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы» грантын беру конкурсын өткізу туралы хабарландыру

 

 

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» конкурсын өткізу туралы хабарлайды.

Конкурстың мақсаты: тиімді педагогикалық және басқарушылық тәжірибені анықтау, жинақтау және тарату, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі ТжКББ) педагогтері мен басшыларының кәсіби және жеке өсуін ынталандыру, Қазақстан Республикасындағы ТжКББ жүйесінің даму үрдістерін анықтау.

Конкурстық комиссияның отырысын өткізу 2026 жылғы 16-31 наурыз аралығында, облыстық әкімдіктің акт залы, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін Қостанай қ., Әл-Фараби к-сі, 66 мекенжайы бойынша жоспарланып отыр.

Конкурсты өткізу тәртібі гранттың мөлшері мен оны беру тәртібін белгілей отырып, «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» грантын беру конкурсын өткізу қағидаларының 2-тармағына сәйкес өткізіледі (ҚР БҒМ 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 484 бұйрығы https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017540).

ТжКББ ұйымдары конкурстық құжаттаманы 2026 жылғы 10 ақпан мен 10 наурыз аралығында Қостанай қ., Гоголь к-сі, 75 мекенжайына, 1-қабат, 133 кабинетке  ұсынады.

Дата публикации
02 февраля 2026