Пояснительная записка к проекту постановления акимата Костанайской области «О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 20 января 2022 года № 23 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы»

Қостанай облысы әкімдігінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 23 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының жобасына түсiндiрме жазба

 

Р/с

№

Түсіндірме жазбадан көрініс табуы тиiс мәлiметтердің тiзбесi

Ақпарат

1.

Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы

«Қостанай облысы әкімдігінің бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (ММ)

2.

Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» бұйрығы

3.

Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Жоқ

4.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы

Жобаны қабылдау келеңсіз әлеуметтік-экономикалық құқықтық және/немесе өзге де салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді

5.

Әлеуетті стейкхолдерлер (мемлекет, бизнес-қоғам, халық, өзге санаттар) үшін мүмкін салдарды егжей-тегжейлі сипаттайтын нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері

Айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің ұлғаюына байланысты «2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 23 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулыға өзгерістер енгізу

6.

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

Қажеттілігі жоқ

7.

Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Қозғамайды

8.

Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері

Талап етілмейді

 

 

 

«Қостанай облысы әкімдігінің

бiлiм басқармасы» ММ

басшысы                                                                                                              А. Ибраева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орынд: Е. Құрманбаев

Тел.: 8 (7142) 39-07-98

 

 

қаулы
Дата публикации
08 января 2026